No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

Тоқаев заңға қол қойды. Салық кодексінде не өзгерді?

21.03.2023
Жаңалықтар
161
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осы заң аясында Қазақстанда бөлшек сауда салығы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіліп, бұдан былай тұрақты негізде қолданылады.

Осыдан біраз уақыт бұрын Cенат депутаттары аталмыш құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.

Енді бөлшек салық бойынша салық мөлшерлемесі 6%-дан 4%-ға дейін төмендеп, мәслихаттарға мөлшерлеменің 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығы беріліп, бұл құжат заңды негізде бекітілді. Қарапайым тілмен айтқанда, ол мөлшерлемелер жеке тұлғаларға сату үшін 4 пайыз және заңды тұлғалармен операциялар үшін 8 пайызды құрайды. Бұл ретте мәслихаттар жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін бөлшек салық мөлшерлемесін, 50%-дан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқылы болады.

Бұл арнаулы салық режимі жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын және жылдық табысы 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлерге қолданылады. Сондай-ақ бөлшек сауда салығын қолданатын кәсіпкерлер бір реттік төлемді жұмыскерлердің табысынан төлей алады.

«Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бөлшек салықтың тұрақты негізде енуін шағын және орта бизнес өкілдерінің көпшілігі күткен. Өйткені бұл заң бойынша кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрмайды.

«Бүгінгі күні мыңдаған кәсіпкерлер бізбен бірге қуанып жатыр деп ойлаймын, енді олар табыс мөлшеріне қарамастан, қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді. Бұл 20 000 АЕК-тен аспау жөніндегі қосымша құн салығының шегіне байланысты «сұр аймаққа» кетуге мәжбүр болған мыңдаған кәсіпкерлердің мәселесін шешіп береді. Енді, бөлшек сауда салығын пайдалана алатын қызмет түрлерінің тізімін анықтау ғана қалады. Біз, әрине, Ұлттық палата ретінде бұл тізімге барынша көптеген кәсіп салаларын енгізуге бар күшімізді салып жатырмыз», деді ҰКП төрағасы.

Заңда бекітілген жаңа түзетулер қатарында банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтері де бар. Яғни, бекітілген заң бойынша жеке инвесторлар стрестік активтерді сатып алушылар тізіміне енеді. Бұл резидент инвесторлардың салықтарды кассалық әдіс бойынша төлеу барысында салық режимінің пайдалануын, яғни кодекстің 233-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес, борышкер төлеген сома мен қарыз (микрокредит) бойынша талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырманың қолданылуын қаматамасыз етеді.

Байланысты Материалдар

Еліміздің 6 өңірінде ақшалай кіріс халықтың шығынын жаппай жатыр

02.06.2023

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына оң баға берді

02.06.2023

Каспий теңізі қара түске боялды

02.06.2023

4 млн теңге: тұңғыш рет дарынды жастарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталмақ

02.06.2023

Қай зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы қаражатын ала алады?

02.06.2023

“Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр”: екібастұздықтар суықта далада қала ма деп қорқады

02.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Шетелдік көлік иелері темір тұлпарды 6 ай ішінде заңдастыруы тиіс

17.12.2022

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығуға болады?

27.07.2022

Қазақстанның интернеті табанына тас байлап алған – ДЕПУТАТ

25.05.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Еліміздің 6 өңірінде ақшалай кіріс халықтың шығынын жаппай жатыр
  • Халықаралық ұйымдар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына оң баға берді
  • Каспий теңізі қара түске боялды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа