KASE қор нарығындағы сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,10 теңгеге қымбаттады, деп жазады Kazbusiness.kz kase.kz-ке сілтеме жасап.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 21 теңге.
Ұлттық банктің 31 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 10 теңге, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,85 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,22 теңге (-0,58) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк бағамды 466,27 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 471-475 теңге, еуро 471-478 теңге, рубль 7,2-65 теңге аралығында саудаланып жатыр.