No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жолға таласқан жүргізуші өзгенің көлігін бүлдіріп, қоқан-лоққы көрсеткен

29.06.2023
Жаңалықтар
Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

928
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері жолда бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Әлеуметтік желіде жолға таласқан ер адамдардың бұзақылық әрекеті бейнеленген видео тарады. Онда күдікті азамат екінші көліктің терезесін сындырып, жүргізушіні ұруға талпынып, қоқан-лоққы көрсеткен. Жәбірленушінің «көлікте бала бар» деген сөзін елемей, оның әйелін «Күйеуіңді өлтіремін!» деп қорқытқан.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам Алматы қаласының 1993 жылғы К. есімді тұрғыны болып шықты. 28 маусымда Жамбыл аудандық ПБ-ға 1992 жылғы О. есімді азамат Алматы – Бішкек автожолында сағат 19:20 шамасында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасын жасаған, сонымен қатар бұзақылық ниетпен көлігін бүлдірген белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша арызбен жүгінген.

Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша бірден аудандық полицияда тіркелді. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің автокөлігі Ұзынағаш ауылының арнайы айып тұрағына қойылды.

ЖКО дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша К. есімді жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұзақылық дерегі бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Орман өртінен қайтыс болғандар тізімі жарияланды

10.06.2023
Business woman holding an empty wallet, she hasn't money

Табысы төмен қазақстандықтар қатары көбейді

01.08.2022

Чек бермегені үшін 474 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

16.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа