No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жұмысынан айырылуына байланысты төлем мөлшері 13 пайызға өседі

06.09.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшысының осы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлем мөлшері орта есеппен 13%-ға ұлғайтылатын болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады, деп жазады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылып және жұмыссыз ретінде тіркелгендер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты жұмысынан айырылу бойынша 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу үшін табысты алмастыру коэффициентін 40-тан 45%-ға дейін арттыру көзделген. Нәтижесінде, осы төлемдердің мөлшері орта есеппен 13%-ға ұлғайтылады.

Жұмыс берушілердің МӘСҚ-ке олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет.

Сонымен бірге аталған құжатта табысты жоғалту бойынша әлеуметтік тәуекелдердің барлық 6 түрі бойынша жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту көзделген:

  1. жұмысынан айырылу;
  2. еңбекке қабілеттілігінен айырылу;
  3. асыраушысынан айырылу;
  4. жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу;
  5. жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу;
  6. бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жұмысшылардың келесі санаттарын қосу ұсынылады:

  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;
  • интернет-платформалар мен платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшалары арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар. Бұл ретте интернет-платформа операторы жеке тұлға үшін шарт бойынша алынған табыстың 1% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар жүргізетін болады.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналғанын естеріңізге сала кетейік. Сондықтан да әлеуметтік төлем құқығы жұмыстан босатылған адам жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап пайда болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандық ауыр атлет өзіне қол жұмсады

27.06.2023

Несие алғанда ұтылмау мүмкін бе?

02.08.2022

Қазақстанда көмір онлайн сатылады

03.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа