Еуразиялық банк арқылы тауарларды немесе қызметтерді сатып алу жеңілдеді – Банк серіктесінде орналастырылған QR-кодты сканерлеп, бірнеше жолды толтырсаңыз болғаны, банк шешімін бірден алуға болады. Барлық құжаттарға қол қою банк бөлімшесіне бармай, электрондық нысанда жүргізіледі. Осы және басқа да маңызды деректермен kazbusiness.kz порталы қазір сізбен бөлісетін болады.
Тұтынушылық несие нарығында Еуразиялық банктің тағы бір ыңғайлы өнімі – QR пайда болды. Бұл не және оны қалай пайдалануға болады?
Өнімге қосылған банк серіктесі QR-кодты жүктеп алып, өзінің ұйғаруы бойынша оны дүкеніне немесе өз сайтына орналастырады.
QR-кодты түрлі нұсқаларда – әкімші-кассир үстелінен бастап консультанттардың бейдждеріне, әлеуметтік желілер мен сайттарға, тіпті витринадағы стикерлерге немесе баға жазылған парақшаларға орналастыруға болады. Ең бастысы – көзге түсуі (клиенттер Еуразиялық банкте несие немесе бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігін естігенде) және пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс.
Клиент тауарды немесе қызметті таңдап, QR-кодты сканерлеп, өтінім толтырады және сәйкестендіру рәсімінен өтеді.
Осыдан кейін өтінім серіктестің жеке кабинетіне барып түседі және тауардың бар екендігі немесе қызмет көрсету мүмкіндігі расталғаннан кейін банк қарап шығады. Банк лезде шешім қабылдайды.
QR арқылы несие беру шарттары:
- Қарыз алушының жасы – 18-ден 75-ке дейін (несиенің қолданылу мерзімі аяқталатын сәтте).
- Қарыз сомасы – 7 000 бастап 2 000 000 тг дейін (комиссия мен сақтандыру сыйақысы сомасын есепке алғанда).
- Несие беру мерзімі – 3 айдан 60 айға дейін (24 айға дейін бөліп төлеу шеңберінде)
- Қарыз алушының жұмыс өтілі – міндетті емес.
- Несие жұмыс істейтін/істемейтін III топтағы мүгедек-зейнеткерлерге, еңбек сіңірген өтілі бар зейнеткерлерге және жасы жеткен зейнеткерлерге де (75 жасқа дейін) берілуі мүмкін.
Клиент тауарды алады, ал ақша серіктестің есеп шотына барып түседі, ол шотты серіктес кез келген ЕДБ-да аша алады. Серіктес комиссиясының мөлшері тарифтер топтамасына қарай 0% құрайды, ол қаржыландыру жүргізілген күні автоматты түрде ұсталады.