Өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға өскен, деп хабарлайды kazbusiness.kz статистика бюросына сілтеме жасап.
Жылдық мәнде олар 19,4%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары.
“Өткен аптада пияз – 14,1%, сәбіз – 4,3%, картоп – 3,4% арзандаған. Ал І категория жұмыртқасы – 2,4%, сүзбе – 2,2%, 2,5 пайыздық сүт 1,6% қымбаттаған”, – делінген ведомство хабарламасында.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың 6 қыркүйектегі орташа бағасы:
- Ұн, І сұрып – 229 тг/кг;
- Сүзбе – 1797 тг/кг;
- Басты пияз – 134 тг/кг.