No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкерлердің құқығын шектеп жүрген үш сала қандай?

22.10.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өткен бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуде Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов кәсіпкерлердің құқығын шектеп жүрген үш саланы атады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов төрағалық етіп, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме басшылары мен өзге де сала өкілдері қатысты.

Шарада Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов облыста 63 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелгенін, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 11,8 пайызға артқанын атап өтті. Қазір өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерінде 104 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр екен.

«Бұл оң көрсеткіштер облыста бизнесті қолдауға бағытталған шаралардың нәтижесі деп білемін. Мемлект басшысы бизнес қауымдастықпен кездесулерінде кәсіпкерліктің дамуын тежеп тұрған проблемаларды ортаға салып, «Атамекен» мен Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға бизнесті тежейтін кедергілерді азайтуды тапсырды. Бұл бағытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесі жобасын жүзеге асырып жатыр», – деді хабарламасында Пірмұхаммед Сыздықов.

Палата директоры аталған жоба аясында Кәсіпкерлер палатасы Қызылорда облысының прокуратурасымен бірлескен бұйрық шығарып, жұмыс тобын құрғанын жеткізді. Жұмыс тобының құрамында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері де бар.

Бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында кәсіпкерлік субъектілерінің қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында құқығын бұзу фактілерін және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу көзделген.

Бұл бағытта өңірімізіде тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Оған қыркүйекте облыс әкімінің, қазанда облыс прокурорының бизнес қауымдастықпен кездесуінде көтеріліп, шешіліп жатқан мәселелер дәлел.

Пірмұхаммед Сыздықов Кәсіпкерлер палатасына құқығын қорғауды сұраған өтініштердің 20 пайызы мемлекеттік сатып алу, 12 пайызы ауыл шаруашылығы, 9 пайызы салық саласына тиесілі екенін атап өтті.

«Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілердің келісім шарт бойынша актілерге қол қоймай, уақытылы төлем жүргізбейтініне шағымданып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы проблема субсидия заңдылықтарына байланысты болса, салық саласында мәмілелерді жарамсыз деп тану фактілерімен жиі кездесетініне наразы», – деді Палата директоры.

Атап өту керек, соңғы 10 айда кәсіпкерлер Палатаға құқығын қорғауды сұрап, 420 өтініш берген. Бұл өтініштердің 119-ы оң шешілді. Нәтижесінде   кәсіпкерлердің 167, 2 млн теңге қаржысы сақталған.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында жаңғақ өсірілуде

01.11.2022

Салық декларациясын дұрыс толтырмағандар айыппұл арқалады

05.10.2022

Алматы облысында «Ауыл Аманаты» жобасына 1 657 өтінім қабылданды

27.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа