Біріншіден «Ерлік» ҚБ төрайымы Роза Ақжаркенова әлеуметтік порталдағы өнім берушілерге шараға қатысып, әріптестікке қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, одан әрі «Medicare international» ЖШС протезді ортопедия орталығы, «Республикалық протезді ортопедиялық орталық» АҚ, «Dosortopedia» ортопедиялық тауар дүкені, «Көктем» ЖШСі өкілдерінің өз мекемелері жайлы таныстырылымы өтті.
Әр мекеменің тауары бойынша, сонымен қатар, әлеуметтік порталдағы мәселелер, тапсырыс беру жайлы сұрақтарын көтерген мүгедектігі бар азаматтар осы саладағы бірқатар қиындықтар жайлы өз мәселелерін жеткізді. Біріншіден мемлекет тарапынан арба және басқа да протезді-ортопедиялық құрылғыларды сатып алу үшін кепілдірілген сомма көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Себебі сапалы арбалардың бағасы жоғары болып, ал мемлекет бекіткен кепілдік сомма аздық екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар, әлеуметтік порталдағы өнім берушілердің тауарлар сапасына назар аудару мақсатында рейтингтік жүйе орнату туралы ұсыныстарын жеткізді. Осы және өзге де көтерілген өзекті мәселелерді басқарма басшысы өз назарына алып, жауапты органдарға жеткізетінін атап өтті.