No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған

Қазақстанда 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған. Бұл турал|ы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан белгілі болды. Ондағы мәдліметтерге қарағанда, өткен жылы елімізде электрондық еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.

19.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Жүйеде тіркелген сұранысқа ие мамандықтар тізіміне балабақша тәрбиешісі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, медбике (мейіргер), санитар, қарауыл кіреді. Бүгінгі күні E-HR қызметіне 18 389 кәсіпорын қосылып, 792 731 келісім-шарт тіркелген. Тіркелген еңбек келісімшарттарының ішінде бастауыш сынып мұғалімі кәсібі алдыңғы қатарда — 41 мыңнан астам келісімшарт. Ұйымдарды E-HR қызметіне тарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Біз үшін жүйеде жұмыс берушілердің еңбек шарттарын мейлінше көп тіркеуі маңызды. Өйткені, бұл өздері үшін де, құжаттар жинауда көп уақытты үнемдейтін қызметкерлер үшін де ыңғайлы. Сонымен қатар, жүйеде еңбек шартының болуы оларды ықтимал әлеуметтік қатерлерден қорғайды. Жүйе электрондық құжат айналымына көшуге ықпал ететіндіктен жұмыс берушілер шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Оның сөзінше, жұмысқа қабылдау тарихы еңбек келісімшарттары туралы тіркелген мәліметтер негізінде автоматты түрде жасалады, қызметкердің жалақысы жүйеде тіркелмейді. Өтініш берушінің жеке мәліметтеріне жұмыс беруші тарап оның келісімін алғаннан кейін қол жеткізе алады.

Бұдан басқа, қызметкерлерді іріктеу 2020 жылдың басынан бастап қолжетімді болатын қызметкердің жеке ісін қалыптастыру сервисінің арқасында анағұрлым сапалы болады. Қызметкердің еңбек өтілі мен оның еңбек кітапшасының электрондық форматта көрсетілуі зейнетақыны белсенді түрде тағайындауға мүмкіндік береді.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен әзірленіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында енгізілгенін айта кету керек.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алаяққа 90 миллион теңге аударған

04.03.2023

Қазақстанда 596 кәсіпкер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған

18.10.2022

Елде жуу құралдары бір жыл ішінде 26,6%-ға қымбаттаған

28.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа