No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Республикада 399 жоба мемлекеттен қолдау тапты

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

30.09.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба  Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, уәсіпкерлердің өсуін акселерациялау, жаңа тауашаларды қалыптастыру,бәсекелестікті кешенді дамыту сынды 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.   Бизнеске қолдау танытуды көздеген бағдар өзіне тән 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шарамен айқындалады.

«Ұлттық жоба өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасауға және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамытуды көздейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған»,- деді вице-министр.

Естеріңізге саламыз, өткен жылы ұлттық жоба үшін 897 млрд. теңге бөлінген еді, соның 565 млрд. теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен берілген болатын Ал биыл, 1,5 трлн. теңге қаржы қарасытырлса, 1,2 трлн теңгесі бюджеттен тыс қаржыдан бөлінген.

Ұлттық жоба біраз істі іргерлеткені жасырын емес. Оның бір дәлелі 2021 жылы 403 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасып, 320 мың су жаңа жұмыс орындары ашылуы.  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 814 мың адам қамтылып, сәйкесінше табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі төмендеді. Сонымен қатар, жалпы ішкі өнімде  шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі өсті. Тағы бір айта кетерлігі, экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 14,5%-ға дейін төмендеді.

Биылғы жылғы нәтижелерде көңіл көншітеді.  Соңғы 8 ай ішінде 16,8 мыңға жуық жоба  мемлекеттен қолдау тауып, субсидия алды. Сонымен қатар,  399 жобаға гранттар берілді. Ол қаражат қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытуға берілген.

Кәсіпке енді аяқ басқан жандардың да бағы жанды. Нәтижесінде «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 75,1 мың адам оқып, кәсіпке бағдар алды. Тіпті 33 адам Шетелдік бизнес-тағылымдамадан өтті.

«Елдің ЖІӨ-дегі ШОК-тың үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу бас жоспардың алғашқы бөлігі. Сонымен 175 мың жаңа жұмыс орнын құру да осы жылға қойылған міндеттер қатарында. «Бастау бизнес» шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізіп, 700 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жобаның негізгі міндеті», – дейді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде автоматтандыру жұмыстары аяқталды

08.07.2022
фото: ашық дереккөз

Әлемдегі ең көп ішімдік ішетін елдердің тізімінде Қазақстан 100-ші орында

09.07.2023

Қыздарға арналған 6 кәсіп

21.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа