No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жылыжайдағы электр энергиясы мен газға субсидия бөлінбек

19.06.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жылыжай кешендерін салуға жұмсалатын шығындарды өтеу қаражатының сомасы өседі. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Фермерлерді ынталандыру бағытында тиімді қолдау ретінде инвестициялық субсидиялау қарастырылған. Оның аясында жылыжай кешендерін салу және кеңейту кезінде шығындардың 25 пайызын өтеу ескерілген. Нәтижелерді тездету үшін қазіргі кезде нормативті 30 пайызға дейін арттыру бойынша жұмыстар қамтылған», – деді Е. Қарашөкеев.

Бұдан басқа, жылыжайдағы көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту мақсатында тыңайтқыштардың (органикалық дақылдарды қоспағанда), пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау, қияр және қызанақ тұқымдарына субсидиялар беру арқылы мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.

«Бұл ретте, «Агробизнес» әмбебап бағдарламасы аясында жылыжай құрылысына несие беру іске асырылады. Осы орайда мөлшерлеме субсидиялау есебінен 6 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар, бізде фермерлік жылыжайлар алаңының азаюы байқалып отыр. Кейінгі 3 жылда 62 гектарға азайды», – деді министр.

Бұл тұрғыда ол министрлік жылыжай шаруашылықтарына гектарлық субсидиялауды енгізу бойынша жұмысты іске асырып жатқанын айтты.

«Мәселен, маусымаралық кезеңде электр энергиясы мен газ шығындарын субсидиялауды енгізу жоспарланған. Алайда, бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау мақсатын ескере отырып, субсидия алуға өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының болуы сияқты міндетті талап енгізілмек. Ол үшін Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енген фермерлік жылыжайлар үшін Ұлттық стандартты (ҚР СТ 3834-2023) әзірледі және бекітті. Қазіргі кезде министрлік жергілікті атқарушы органдар қаулысымен бекітілген нормалары бойынша 1 гектарға жұмсалатын шығыстарды субсидиялауды ескеретін Субсидиялау қағидаларына тиісті өзгеріс әзірледі», – деді ведомство басшысы.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Түркістан облысында кәсіпкерлер саны 160 мыңға жетті

26.08.2022
фото: ашық дереккөз

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі қарыздарды өз қалтасынан жаппақ

14.07.2023
фото: ашық дереккөз

“Болашақ” стипендиясына құжаттар қабылдаудың төртінші ағымы басталды

14.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа