No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Теңгенің құбылмалылығы неге байланысты? Ұлттық банк жауап берді

03.10.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қыркүйектің қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 476,53 теңгеге дейін 0,9%-ға өзгерді, деп хабарлайды kazbusiness.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

– Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 98 млн АҚШ долларынан 91 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады, – деп хабарлады Ұлттық Банк.

Валюта нарығы бұрынғысынша сыртқы факторлардың қысымында қалып, геосаяси аренадағы қақтығыстар күшейді, энергия тасымалдаушылар бағасы төмендеп, АҚШ доллары жаһандық деңгейде нығайды.

“Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы шамамен 583,5 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асырады.

– Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қыркүйекте 85,1 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 4,3%-ын құрады, – деп хабарлады бас қаржы институты.

Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады.

– Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады, – деп жазылған реттеуші банктің хабарламасында.

Байланысты Материалдар

Азия-Тынық мұхиты базарлары U.S. U.S. федералды резервінен кейін араласады

09.05.2025

Трамп қоректендірілген қорларды саяси байланыстырады, бұл тарифтерді кесуге итермелейді – саясат

09.05.2025

Қор биржасы Бүгін: Трамп-Қытайдың сауда үмітіне арналған Джонс митингі; Super Micro Tumbles – Инвестордың бизнесі күн сайын

08.05.2025

Трамп қоректендірілген қорларды саяси байланыстырады, бұл тарифтерді кесуге итермелейді – саясат

08.05.2025

Қор биржасы Бүгін: Трамп-Қытайдың сауда үмітіне арналған Джонс митингі; Super Micro Tumbles – Инвестордың бизнесі күн сайын

08.05.2025

Ford Мексика өндірілген модельдердегі бағаларды, тарифтерге сілтеме жасайды: Reuters – CNBC

08.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Сұранысқа ие мамандық: Маркетолог

31.12.2022

Бүгінгі таңда қор нарығы: Dow, S & P 500 фьючерстер Уолл-стриттен кейінгі тамырлар

07.05.2025

Қытай юані құлдырады

25.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа