No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жинаған ақшаңызды қалай сақтандыруға болады?

23.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жинаған ақшаңызды қалай сақтандыруға болады?

Инвестициялар үшін басқа қызықты қаржы құралы – өмірді жинақтаушы сақтандыру. Оны сондай-ақ, әдетте жылдық 3-5% мөлшеріндегі шағын пассивті кіріс көзіне жатқызуға болады. Бұл жерде депозиттен басты айырмашылығы, ақшаңызды жинай отырып, өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтандыра аласыз. Яғни, сақтандыру шартына сәйкес, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілгенде немесе ол қайтыс болған жағдайда, сақтандыру сомасы төленеді. Сол үшін де, барлық ықтимал тәуекелдерді ескеріп, негізгі асыраушысынан айырылған отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін мұндай шартты жасаған жөн.

Сақтандыру шарты, әдеттегідей, ұзақ мерзімге – орташа алғанда 10 жылға жасалатындықтан, бұл уақыт өткеннен кейін клиент өзі жинаған соманы және сыйақыны алады. Сол арқылы, сіз белгілі бір оқиғаға, мысалы, үйлену тойына қажет соманы жинауыңызға, оған қоса денсаулығыңыз бен өміріңізге байланысты қолайсыз жағдайлардан сақтандыру арқылы қорғау мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Бастысы, бұл салымдар декларацияланбайды және тәркілеуге жатпайды.

Мысалы, қазақстандық сақтандыру компанияларының бірі валютада 3,41% мөлшерлемесімен бонустар төленетін өмірді және денсаулықты сақтандыру қызметін ұсынады. Сақтандыру сыйлықақысы 50 мың доллар болса, 10 жылдан кейін сіздің кірісіңіз 18 887 АҚШ доллары болмақ, сондай-ақ бүкіл жер шарында сақтандыру мүмкіндігін пайдалана аласыз. Басқа отандық сақтандыру компаниясы да бірден бірнеше өнімді, оның ішінде балаңыз кәмелетке толғанға дейін оның біліміне 4% дейінгі мөлшерде кепілдік берілген кірісі бар жинақтау үшін ұсынады. Сақтандыру жарнасын ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе бір жолғы етіп төлеуге болады. Қазір нарықта мемлекеттік лицензиясы бар өмірді сақтандыру бойынша бірнеше компания жұмыс істейді. Өнімді таңдамас бұрын, тым болмағанда бірнеше компаниядағы қолайлы нұсқалармен және талаптармен танысып, өзіңізге ең тиімді нұсқасын таңдаған жөн.

Маңызды!

Ең жақсы инвестиция – бұл білімге инвестиция салу. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар мемлекеттен жыл сайынғы сыйлықақы көзделетін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МББЖ) қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Сақтандыру компаниялары ұсынатын AQYL білім беру депозитінен айырмашылығы – өнім сақтандыру қорғанышын қамтиды. Бұл клиент қайтыс болған немесе оған І немесе ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру компаниясының бәрібір білім алуға толық соманы төлейтінін білдіреді. Бұдан басқа, сақтандыру өнімінің ерекше сипаты – оның кепілдік беру сомасына қатысты шектеуінің болмауы, өйткені Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру AQYL-ге ең жоғары сома 10 млн теңгеге кепілдік береді. Сақтандыру өнімін сатып алу арқылы клиент өмірді сақтандыру компаниясы ұсынатын табыстылыққа, мемлекеттен берілетін сыйлықақыға (5% немесе 7%), сондай-ақ өнім компанияның пайдасына қатысу опциясын көздейтін жағдайда сақтандыру дивидендтеріне қол жеткізуі мүмкін. Сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жарналарға салық салынбайтынын ескерген жөн.

Осылайша, баланың білім алуына инвестиция салу кезінде ата-анада оқуға ақша жинақтаудың сақтандыру өтемі болатын әрі жинақтары сақталатын баламалы мүмкіндігі пайда болды.

Инвестордың кіріс деңгейі өзі әлдебір қаржы құралын таңдауына, сондай-ақ оның тәуекелге дайын болуына, салымдарының мақсаттарына байланысты. Сонымен, егер міндетіңіз ақшаны жай ғана жинап, сақтау болса, онда тәуекелдігі төмендеу құралдар таңдалады, бірақ олардың пайдасының деңгейі әдетте, жоғары болмайды және керісінше. Кез келген жағдайда қаржы нарығында алаяқтардан басқа ешкім де әлдебір кірістілікке кепілдік бермейді. Сол үшін де пассивті кіріс түсіп тұруы үшін, қаржы құралын таңдаған кезде мұқият әрі абай болған жөн.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кинотеатр қызметтері бір жылда 12%-ға қымбаттаған

20.04.2023

Мотиватор Саймон Синектің “Неге сұрағынан баста” кітабындағы табысқа жету құпиялары қандай?

12.11.2022

“Сигма-Газ” мекемесі тариф құнын 5 теңгеге түсірді

15.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа