No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның Каспий маңы елдерімен тауар айналымы $12,3 млрд. құрады

 Сколково инновациялық орталығында (Мәскеу) ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Каспий маңы мемлекеттерінің экономикалық ведомстволарының басшыларымен бизнес-таңғы аста кездесті.

07.10.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ол екінші Каспий экономикалық форум қатысушыларына ілтипат білдіріп, мұндай кездесулердің байланыс орнатуға және нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Бүгінде әлемнің геосаяси картасында Каспий аймағының маңызы айрықша. Біздің өіңрде ірі әлемдік ойыншылардың мүдделері қиылысады. Осыған байланысты аймаққа мұқият назар аударылатыны туралы ұмытпау керек», – деді Ә.Қуантыров.

Каспий маңындағы 5 елдің үшеуі, яғни Қазақстан, Әзірбайжан мен Түркіменстан теңізге шыға алмайтыны белгілі

«Сондықтан Каспий біз үшін маңызды су жолы және транзиттік ресурс болып табылады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Ол Қазақстан барлық әлем үшін ашық екенін және Каспий маңы елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Қазақстанның Каспий маңы елдерімен тауар айналымы ағымдағы жылғы 6 айда өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,4%-ға өсіп, $12,3 млрд. құрады», – деді министр.

Сонымен қатар, ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағынының оң серпіні байқалады (2005-2022 жж. $19,1 млрд. құрады).

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы Қазақстан өңір елдері арасындағы тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз көлік бағыттарын әртараптандыруға ерекше назар аударамыз, өйткені қазіргі геосаяси жағдай дәстүрлі логистикалық тізбекті өзгертті. Транскаспий халықаралық көлік маршрутының байланыстырушы дәлізі транзиттік және сыртқы сауда жүктерін жүзеге асыру бойынша тамаша үлгісі болып табылады. Басқа бағыттардың әлеуетін арттыру үшін Солтүстік-Оңтүстік дәлізін дамыту жөніндегі бірлескен жол картасын әзірлеу ұсынылады», – деді ҰЭМ басшысы.

Оның сөзінше, Каспий маңы елдерінің кооперациялық жобаларды дамыту, өзара инвестиция көлемін ұлғайту үшін үлкен әлеуеті бар. Бүгінгі таңда Транскаспий бағытын дамыту мақсатында Қазақстан Ақтау мен Құрық Каспий маңы порттарының жүк әлеуетін арттыруда. Сондай-ақ, Әзірбайжан, Грузия және Түркиямен тарифтік саясатты үйлестіру мәселесі талқыланды.

Қазақстан Ақтау портындағы көлік-логистикалық орталық болып табылатын «Каспий маңы азық-түлік хабы» инвестициялық жобасын қарауды ұсынды. Бұл жоба елдер арасындағы тауар қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Ағымдағы жылдың маусым айында Ашхабадта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды.

Сөзін қорыта келе, Әлібек Қуантыров көлік-логистикалық және инвестициялық-экономикалық белсенділіктің артуын ескере отырып, барлық елдер табиғи байлықтарды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін планетаның маңызды экожүйесі ретінде Каспий теңізінің биологиялық және басқа да ресурстарына ұқыпты қарау керектігін айрықша атап өтті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 2 млрд теңге бөлінді

18.07.2022

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа