No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үлкен Алматы айналма жолы қолданысқа қашан беріледі?

23.05.2023
Жаңалықтар
217
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр Үлкен Алматы айналма жолы қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл Бақтияр Үлкен Алматы айналма жолын (ҮААЖ) пайдалануға беру биылғы жылдың екінші тоқсанына жоспарланғанын айтты. Жолдың ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Оның екі жағында да 120 км/сағ жылдамдықпен жүруге болатын үш жолақ болады.

“ҮААЖ тас жолында ақы төлеудің ашық жүйесі қарастырылады, яғни жолға кіреберіс пен шығатын жерде шлагбаум болмайды. Бұл жолдың өткізу қабілеттілігінің жоғары болуын қамтамасыз етеді”, – деді спикер.

Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, ҮААЖ қаладағы негізгі магистральдарды босатып, жол желісінің өткізу қабілетін арттыру арқылы көлік ағынын қысқартады. Бұл көлік кептелістерін азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады.

Сонымен қатар, ҮААЖ автомобиль жүргізушілеріне кептелістері аз балама бағыт ұсынады, бұл қала бойынша жүру уақытын қысқартады. Сондай-ақ жүк көліктері жүктерді жеткізу уақытын үнемдей алады және олардың жұмысының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ Алматыда атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшері азайып, қала мен оның төңірегіндегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

“ҮААЖ Инвестициялар және Операциялар” ЖШС пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев ҮААЖ құрылысында заманауи технологиялар мен асфальтбетон төсеу әдістері қолданылғанын атап өтті. Құрылыстың әртүрлі кезеңінде, соның ішінде материалдарды таңдау, жол негізін дайындау және асфальтбетонды төсеу кезінде сапаны бақылау жүргізілген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жабынның үстіңгі қабаты полимерлі модификацияланған битум қолданылған қиыршық тас-мастикалық асфальтбетоннан тұрады.

Еске салайық, ҮААЖ құрылысы 2018 жылы басталды, жобаның құны 180 млрд теңгені құрады.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Миллионнан астам қазақстандық құмар ойындарға тәуелді: Лудоманияны емдеуге бола ма

22.05.2023

Жүлде қоры – 3 миллион теңге: “Тәуелсіздік ұрпақтары” конкурсы биыл да жалғасын табады

25.11.2022

Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы ВАК отырысын өткізді

11.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа