No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалын жасайтын зауыт салынады. 

09.10.2022
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Әр жерде тау болып үйілген шикізатты пайдаға асыру керек. Жүнге сұраныстың жоқтығынан кей шаруалар өртеп жіберуге мәжбүр. Жаңа өндіріс ашылса, шопандардың табысы да артады.

 

Талғат Нұржігітовтың отарында 800-ге жуық қой бар. Барлығы да биязы жүнді меринос тұқымынан. Болашақта мал басын 2 мыңнан асыруды көздейді. Бірақ кәсіпкер етті түлікке көшуді ойлап отыр. Себебі жыл сайын қырқылатын жүнді өртегеннен басқа амал жоқ дейді.

 

“Бір қойды қырқуға 800 теңгеден мың теңгеге дейін төлейміз. Қабылдайтын мекемелер болса, жүн мен теріні сатуға болатын еді”, – дейді шаруа қожалығының иесі Талғат Нұржігітов.

 

Бұл құрылыс материалдары баспана мен өзге де ғимараттарда жылу сақтау үшін қолданылады. Жобаны жергілікті компания италияндық инвесторлармен бірігіп жүзеге асырмақшы. Қазір кәсіпкерлер шаруа қожалықтарынан шикізат қабылдау жолдарын қарастырып отыр. Әрбір ауданда қабылдау пунктін орналастыру жоспарланған.

 

Айта кету керек жыл сайын облыста үш жарым мың тонна қой жүні пайдаға аспай, далада қалады.

 

“Жоба үш кезеңнен тұрады. Алғашқыда қой жүнінен жылу мен дыбыс оқшаулағыш плита шығарамыз. Кейіннен дайын өнімнің бірнеше түріне көшуді ойлап отырмыз. Біздің құрылғылар жүннен бөлек зығыр сияқты өсімдік талшықтарын, тоқыма өндірісі қалдықтары мен поролонды да қайта өңдеуге қауқарлы”, – деп атап өтті кәсіпкер Ерлан Жаңабергенов.

 

Қазір құрылысқа дайындық басталып кеткен. Жалпы инвестиция көлемі 10 млн евро шамасында. Жылына 2 мың тонна дайын өнім шығарылады. Алғашқы тауар келер жылдың күзінде әзір болуға тиіс.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Талдықорған қаласының әкімі білім бөлімі басшысының өліміне қатысты пікір білдірді

13.06.2023

Маңғыстаулық отбасы кәсіпті әлеуметтік желі арқылы жүргізіп отыр

25.11.2022
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар нансыз қалмайды – Премьер-Министр

22.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа