No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Мүгедектігі бар жандардың туыстарына күтім жасағаны үшін еңбекақы төленбек

27.06.2023
Қаржылық кеңес
13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Қазақстанда 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде мүгедек жандардың туыстары оларға күтім жасау үшін еңбекақы және әлеуметтік аударымдар алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен жеке көмекші ретінде ресімделетін болады”, – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету саласында тариф белгілеуге жаңа тәсілдер енгізіледі.
“Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін жан басына шаққандағы норматив енгізіледі. Компенсаторлық техникалық құралдарды жеткізетін ұйымдар үшін шекті бағалар белгіленеді”, – дейді мамандар.
Бұл ретте кепілдік берілген сома елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерін ескере отырып, кезең-кезеңімен түзетіледі. Жергілікті атқарушы органдар жанынан Әлеуметтік қызметтер порталы бойынша комиссиялар құрылады.
“Олар мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін қабылдау және 5 күн ішінде қарайды; өнім берушіге өтініш жолдау және оның орындалуын бақылайды; жеткізушіні порталдан шығару және жосықсыз жеткізушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды”, – деп атап өтті министрлік.
2025 жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі беріледі.
Осы мақсатта Әлеуметтік кодексте:
  • әлеуметтік қызметкерлер тізілімін қалыптастыру;
  • әлеуметтік қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттарды әзірлеу;
  • еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі қарастырылған.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Қай жерде 700 мыңнан бастап жалақы алуға болады?

17.07.2023
фото: ашық дереккөз

18 шілдеге дейін салық органдарына қандай қаржылық есепті өткізу қажет?

14.07.2023

Банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген азаматтарға несие берілмейді материалға сілтемені көшіру

27.06.2023

Бірыңғай жиынтық төлем жойылғаннан кейін МӘМС үшін қалай төлемді жасауға болады?

26.06.2023

Әскерде мерзімді борышын өтеп жүргендердің несиесі тоқтатылады

29.05.2023

Банк құпиясы: бөліп төлеу шыныменен тегін бе?

20.05.2023

Ұсынылатын материалдар

Google құпиялылық туралы сот ісін жүргізу үшін Техасқа 1,4 миллиард доллар төлейді – TechCrunch

15.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма?

16.05.2023

Кербұлақ ауданында экспортқа киім тігетін цех ашылды

14.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа