Белгіленген нысан бойынша хабарлама “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы электрондық нысанда не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште беріледі.
Жеке тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар салық режимінің келесі түрлерін қолдана отырып, ЖК ретінде тіркеле алады:
– патент негізіндегі арнаулы салық режимі (АСР) ;
– “E-Salyq Business”арнайы мобильді қосымшасын қолдану арқылы АСР;
– Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР;
– жалпы орнатылған режим.
ӘҚБтК – нің 463-бабына сәйкес тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу Жеке тұлғаларға 15 АЕК, қайталап бұзған кезде-30 АЕК, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркіленіп, айыппұл салуға әкеп соғатынына назар аударамыз.