No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Бұл енді — үлкен қылмыс!»: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі алдында ЛБГТ туы көтерілген

17.05.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
292
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әлеуметтік желілерде “Феминита” қозғалыс өкілдері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі алдында ЛБГТ туын көтерген бейнежазбасы адамдардың ашуын тудырды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бейнежазбада “Феминита” қозғалысының негізін қалаушылар Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан қасиетті кесененің алдында түрлі түсті ту көтеріп, өздерінің қозғалыстарын қолдауға шақырған.

Айтылған бейнежазба желі қолданушыларының ашуын келтірген. Азаматтар бұл фембелсенділерді жазалауды сұрап отыр.

“Жалған құқықтарыңды қорғаймын деп сіздер қасиетті жерді және көптеген адамдарды қорлап отырысыздар. Шектен тыс толеранттылықтан шаршадым! Неліктен біздің сенім мен құндылықтарымызды бұзатын басқа біреудің мәдениетіне төзіп, үнсіз қабылдауымыз керек?” – деп жазды Қабден (@KabidenS) есімді қолданушы.

Сондай-ақ қоғам белсенділері мен заңгерлер де бұл мәселені айналып өтпей, тиісті органдарға шағымданған.

“Қылмыс қай жерде жасалды, оқиға орын алған жерде қылмыстық іс ашылу керек.
Екі әйел бір-бірімен қарым-қатынаста шығар, адамның жеке өміріне ешкімнің қол сұғуға құқысы жоқ, оны жақсы білем. Бірақ екеуара қатынасты насихаттау үшін бүкіл бір Ұлттың қасиетті мекенін таңдап, халықтың діни таным-сезімдерімен ойнау, бұл енді – үлкен қылмыс! “Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз”, деп өз мәдениетімізді, өз ұлтымыздың құндылығын, рухани тектілік-қастерін ұмытпауымыз керек! Мына екі азамат шектен шықты!” – деп жазды өз Facebook парақшасында заңгер Айгүл Орынбек.
Сонымен қатар ол тұрпайы ту көтергендерді ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабымен жазалауды талап етеді.
“ҚР Қылмыстық Кодексi. 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – делінген А.Орынбек жазбасында.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Салық декларациясын тапсырмаған тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

13.07.2022

Екібастұздағы ЖЭС олигарх мемлекетке бір теңгеге сатпақшы

30.11.2022

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті

04.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа