Бизнес құлаудан, қайта тұрудан және үнемі жетіліп отырудан тұрады. Әлемдегі бай адамдар табысқа бірден қол жеткізе қоймаған. Олардың еңбегі еленуі үшін жылдар керек болған. Басынан өткерген қателіктер ғана үлкен бастамаға “жолдама” берді. Kazbusiness.kz ақпараттық порталы бизнес тарихында болған 5 “лузер” оқиғасын ұсынамыз.
YouTube: дейтинг сайттан ірі видеохостингке дейін
YouTube видеохостингінің негізін Стив Чен, Джавед Карим және Чад Херли есімді достар қалаған. Чен мен Карим PayPal-ға жұмыс істеп, оны eBay компаниясына сатады. Кейін олар жаңа жобаны қолға алады. Видеохостинг жасау идеясын Джавед Карим ұсынады. 2004 жылы Үнді мұхитында жер сілкінісі болып, салдарынан су тасқыны болады. Карим бұл құбылысты көрсететін видео іздеп таба алмайды. Сондықтан достарына кез келген тақырыпта видео ролик жүктей алатын хостинг жасап шығу идеясын айтқан. Чен мен Херлиге бұл идея ұнай қоймайды. Өйткені сол уақытта таныстық сайттары танымал бола бастаған еді. Олар екінші жартысын іздеген жандар қысқаша видео арқылы өз талаптарын айта алатын платформа жасауды қолға алады. 2005 жылдың 14 ақпанында тіркелген youtube.com доменінің қағидасы: “Tune In, Hook Up”, яғни “Қосыл және кездес” деген еді.
Өкінішке қарай, платформаға тіркелушілер болмады. Сайттың дейтинг қызметін ешкім пайдалана қоймады. Негізін қалаушылар Craiglist жарнама сайтына YouTube туралы ақпарат салып, оған жалғызбасты әйелдерге видео жүктегені үшін $20 төленетіні айтылған болатын. Соған қарамастан, қолданушылар саны артпады.
Платформаның ісі сынақ негізінде жүктелген видеодан алға жүре бастады. Джавед Карим сайттың техникалық жағдайын тексеру мақсатында жануарлар бағындағы видеоны жүктейді. Аздаған уақыт ішінде YouTube желісінде қолданушылар тарапынан жүктелген видеолар саны артты. Сонда ғана Чен, Херли мен Карим хостингтің бастапқы концепциясын өзгертті. 2005 жылдың шілде айында YouTube статистикасы күніне 100 миллион ролик көрілімге дейін артты. Сол жылы қыркүйек айында Роналдиньо түскен Nike жарнамасы алғашқы миллион көрілімін жинады.
2006 жылы Google компаниясы YouTube хостингін $1,65 миллиардқа сатып алу арқылы ең қымбат келісімшарт жасады. Ол уақытта видеохостингте небәрі 65 адам Сан-Матео қаласындағы пиццерияның үстіңгі қабатында орналасқан жалдамалы кеңседе жұмыс істеген болатын. Кейін Time басылымы YouTube видеохостингін жылдың үздік өнертабысы деп таныды. Желтоқсан айында журналдың басты бетіне компьютер экрананын қойып, “Иә, сен ақпарат ғасырын басқарасың. Өз әлеміңе қош келдің” деген жазумен сурет жариялады.
Дайсон: 5127 қуатты шаңсорғыштың прототиптерінен жеңіске дейін
1978 жылы шаңсорғыштардың жиі кездесетін кемшіліктері таныла бастады. Біріншіден, уақыт өте келе шаңсорғыштардың шаң дорбаларының кірге толып қалып, оның жұмысына кері әсерін тигізді. Екіншіден, бұл құрылғылар қолданушылар үшін үлкен шығынды техника салынды. Өйткені шаң жинайтын сөмкелер кез келген уақытта сынуы мүмкін – бұл өндірушілер үшн тиімді болғанымен, бірақ сатып алушылар үнемі жаңа шығын материалдарына ақша жұмсады. Осындай мәселелермен бетпе-бет келген Джеймс Дайсон оны шешу жолдарын қарастыра бастайды. Ол өз қоластында жұмыс істейтін өнертапқыштардың біріне жүгініп, ұнтақ әсерінен ластануды жоятын циклон қондырғысын құрды. Физикалық тұрғыдан олар орталықтан тепкіш күш көмегімен қондырғы барлық бөлшектерді басып алды. Джеймс Дайсон бұл идеяны шаңсорғыштарға беруге шешім қабылдады.
Dyson шаңсорғышының үлкен сорғыш күші болуы керек және қоқыссыз жұмыс істеу керек еді: бұл идея өнертапқышқа жұмысшылардың үгінділерді қалай жинайтынын көргенде келді. Дайсон өзінің алғашқы келісімшартына жапондық Apex компаниясымен қол қойды, ал 1986 жылы гравитация күшімен аталған G-force шаңсорғыш шығарылды.
Жапондық компаниядан алынған ақшамен және 1 миллион доллар несиені пайдалана отырып, Джеймс Дайсон жеке компаниясын ашты. Онда бірінші Dyson шаңсорғыш DC01 шығарылды. DC01-ге дейін Дайсон бес жылда 5127 прототип жинады.
2017 жылы инженер өзінің жеке қаражатынан жобаны әзірлеуге 500 миллион фунт жұмсап, өзінің электромобильін құруға шешім қабылдады. Жобаға сәйкес, бұл ұзындығы 5 метр, 24 дюйм дөңгелектер және екі 200 кВт электр қозғалтқышы бар үлкен кроссовер болуы керек еді. 2019 жылы Дайсон бұл идеядан бас тартты, себебі көлікті құрастыру үлкен қаражатты керек етті.
Apple: Гараждан Apple Park-қа дейін
Apple тарихы 1976 жылы Стив Джобстың ата-анасының гаражында басталады: онда Стив Вознякпен бірге Джобс Apple I-дің алғашқы 50 көшірмесін жасап шығады. Apple компаниясы сәтсіздікпен 1984 жылы алғаш рет Macintosh 128K моделі шыққаннан кейін бетпе-бет келді. Компьютердің оперативті жадысы небәрі 128 килобайт болды. Оған қоса, желдеткіш пен кіріккен дисктің болмауы оның нарықтан шығуына себеп болды.
1985 жылы Стив Джобсты өзі құрған компаниядан жұмыстан шығарады, бірақ 1997 жылы Apple-дегі дағдарыс кезінде қайта оралады. 1996 жылы компанияның нарықтағы үлесі 1980 жылдардың аяғындағы 16% -ға қарағанда 4%-ға дейін төмендеген болатын. Джобсқа бұл екінші серпін алуға мүмкіндік береді. Жиындардың бірінде Джобс адамдарға қажет құрылғылардың белгілерін сипаттайтын электрондық кесте құрды: «реттелетін, кәсіби, жұмыс үстелінде орын алмайтын және портативті». Ол табысты болу үшін Apple қажет емес өнімдерді шығаруды тоқтатуы керек екеніне сенімді болды.
Инстаграм: бөлісетін суреттерден пікірлерге, ұнатулар мен әңгімелерге дейін
Бастапқыда инстаграм негізін қалаған Кевин Систром өзінің сүйікті Foursquare қызметіне ұқсас қосымшаны шығаруға шешім қабылдайды. Оның жоспарына сәйкес сіз бір жерге барып, оның геолокациясын достарыңызбен бөлісе аласыз. Бағдарламаны ойластыру барысында Кевин қолданушылар фотосуреттермен бөліссе, платформа әлдеқайда қызықты болады деп шешті. Содан кейін ол кездесулерді жоспарлау, орындар мен суреттерді бөлісу үшін жасалған Burnb қосымшасын іске қосты. Burnb қызметінің көлемі тым үлкен болғандықтан, оны қолданушылар жиі өшіріп тастайтын. Кевин Майк Кригермен бірге Systrom қосымшаны қайта жаңғыртады. Бұл жолы олар фотосуреттерден, ұнатулар мен пікірлерден басқа барлық функцияларды алып тастайды. 2010 жылдың 6 қазанында әлем Инстаграммен қайта қауышады.
Angry Birds: “Қырыққабат әлемінің патшасынан” ашулы құстар мен жасыл шошқаларға дейін
2012 жылы 1 миллиардтан астам жүктелуге жеткен Angry Birds тарихы 2003 жылы Hewlett Packard мен Nokia ең жақсы мобильді ойындар байқауын өткізген кезде басталды. Жеңімпаз Никлас Хед, Ярно Вякевяйнен және Ким Дикерт жасаған “Қырыққабат әлемінің патшасы” ойыны болды. Оны Сумеа Sumea сатып алып, оның атын “Тышқандар соғысы” деп атады. Бұл әлемдегі алғашқы көп ойыншы қатар ойнай алатын мобильді ойын ретінде танымал.
Кейінірек Хед, Вякевяйнен және Дикерт 50-ге жуық ойын жасағанымен, олардың бәрі сәтсіз аяқталды. Кейін дизайнер Яакко Айсало үш досына дөңгелек құстар бейнеленген жұмысын көрсетті. Бірнеше айлық ойын мен көптеген өзгерістерден кейін, Никлас Хед ойынның сынама жұмыстары кезінде анасының ойын ойнаймын деп қалай алаңдап кеткенін байқайлы. Бұл Angry Birds ойының қолданушылар арасында табысты болатынының дәлелі болатын. Ойын шыққалы бері шамамен он жыл өтті. Angry Birds ойынын иелік ететін финдік Rovio компаниясының табысы жүздеген миллион еуроны құрайды.