Аралық қорытындыға сәйкес, 40 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ-ны тапсырған деп хабарлайды Kazbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ақпаратқа сәйкес, талапкерлердің 70%-ы қазақ тілінде, 30%-ы орысша, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.
Тестілеу басталғалы шекті балды талапкерлердің 76%-ға жуығы жинады. Орташа балл – 68. Ең жоғары балл – 137.
“Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге сала кетсем, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 20%-ы “Математика-Физика” пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы “Биология-Химия” комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – “Химия-Физика”, оны 50 адам тапсырған”, – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Ведомствоның мәліметінше, тестілеудің бірінші аптасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысты.
Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 50 талапкер тестілеуге қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Бұдан басқа тестілеу кезінде ережелерді бұзған 39 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылған.