2012-2021 жылдар аралығында ШОБ-тың даму серпіні
– ЖІӨ-дегі ШОБ-тың үлесі 17%-ға өсіп, 33,5%-ға жетті;
– ШОБ-тың өнім шығаруы 42,8 трлн. теңгеге дейін өсті;
– ЖІӨ 82,2 трлн. теңгені құрады;
– Жұмыс істеп тұрған ШОБ-тың жалпы саны 1,4 млн. субъектіге жетті;
– ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн. адамға жетті;
– ШОБ кредиттеу 5,7 трлн. теңгеден астам сомаға жетті;
– 2021 жылы қаржылық қолдау ұлғайтылып, 2,2 трлн. теңгеге жетті.
Соңғы 10 жылда мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өнім шығару көлемі 53 трлн. теңгені құрады.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алушылар шамамен 118 мың адамды жұмыспен қамтыды.
Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуды ынталандыру
– Кредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру;
– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру;
– Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
– ШОБ үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету.
Жұмыспен қамту көрсеткіштері
– 2021 жылы 137 мың жұмыс орны сақталып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды;
– 2022 жылдың 9 айында 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды.