No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнеткерлерді алаяқтан қалай қорғауға болады?

27.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Қаржы алаяқтарының құрбаны біліміне, жұмыс саласына, мәртебесіне қарамастан кез келген адам болуы мүмкін. Алайда, көп жағдайда қаржы алаяқтарының айла-шарғысына заманауи цифрлар әлемінен бейхабар аға буын өкілдері түсіп жатады.

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Алаяқтар қаражатты қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды, одан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді не телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді. Бұл жерде алаяқтардың қарттарды асықтырып, эмоционалдық қысым жасайтындарын атап өту керек.

Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады?

  • Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға тіпті егер олар өздерін банк, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырса да сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз;
  • Егер қоңырау шалушылар сізге аты – жөніңізді айтып өтінсе және сіздің мекен-жайыңызды білсе де, бұл адамдардың ресми адамдар екенін білдірмейді. Барлық қажетті деректерді әртүрлі тәсілдермен алуға болады, оларды жалпыға қол жетімді көздерден, интернеттен алуға болады;
  • Міндетті түрде қызметкердің аты-жөні мен лауазымын сұраңыз және оны қайта тексеру үшін олардың өкілі қоңырау шалып тұрған  ұйымның колл- орталығына хабарласыңыз;
  • Егер телефоныңызда жақын адамның нөмірі шығып тұрса, бірақ оның дауысы нашар естіліп, өзінің қиындыққа тап болғанын және оған ақша аударуды сұраса, әңгімені доғарып, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз;
  • Ешқашан және ешкімге жеке деректеріңізді, банктік картаның толық деректемелерін, оның ішінде картаның қолданыс мерзімін, CVC/CVV кодын, сондай-ақ код сөзін және ақша қалдығын айтпаңыз;

Есіңізде болсын: банк қызметкерлері, қаржы ұйымдарының колл-орталықтарының операторлары, құқық қорғау органдарының өкілдері ешқашан телефон арқылы дербес деректерді сұрамайды. Бұл конфеденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет!

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

“Өзгелердің мазасын алады”: SCAT мүмкіндігі шектеулі баланың бортқа мінуіне рұқсат бермеген

04.06.2023

Тұтынушы, өз құқығыңды білесің бе?

15.12.2022
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында диплом жасап беремін деп 1,3 млн теңге алған алаяқ ұсталды

30.06.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа