No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СҚО-да 2 мың сиырға арналған сүт фермасы ашылды

29.10.2022
Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңға жуық сиырға арналған өңірдегі ең ірі сүт фермасы ашылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.

Өңірдегі алғашқы мегаферма Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан. Жаңа іске қосылған нысанның жұмысын СҚО әкімі Құмар Ақсақалов барып көрді. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

«Облыста ауыл шаруашылығында жаңа кешендерді іске қосу жалғасуда. Ғабит Мүсірепов ауданында 1,8 мың басқа арналған «Возвышенка СК» ЖШС-нің мегафермасы іске қосылды. Жобаның құны – 4,5 млрд теңге. 30 тұрақты жұмыс орны ашылды, кейін 60 дейін жеткізілмек.

Бұл өңірдегі ең үлкен сүт фермасы және республикадағы ең ірі фермалардың бірі. Толық қуатына шыққанда кәсіпорын жылына 9 мың тонна сүт өндіреді. Қарапайым тілмен айтсақ, мегаферма бір жыл бойы 30 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады», – деп жазды Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, Ғ.Мүсірепов ауданында 5 жыл бұрын 3 сүт фермасы ғана жұмыс істеген. Бүгін мұнда алтыншы ферма іске қосылды. Осы аудандағы екі шаруашылықта екі ферма салынып жатыр, жақында тағы екеуінің құрылысы басталмақ. Осылайша мұндағы сүт фермаларының саны 10-ға жетпек

«Биыл Қазақстанда 35 өнеркәсіптік сүт фермасының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде тек біздің облыста 17 сүт фермасы салынып жатыр. Яғни, құрылысы жүріп жатқан сүт фермаларының тең жартысы солтүстік өңірде. Жыл соңына дейін 8 ферма іске қосылады. Жалпы биыл облыста ауыл шаруашылығы саласында 81,9 млрд теңгенің 33 инвестжобасы жүзеге асырылуда.

Автоматтандырылған және цифрлық ферма өнімділікті айтарлықтай өсіреді. Егер ескі фермаларда жылына бір бас 3 мың литр сүт берсе, заманауи фермаларда бұл көрсеткіш 7-8 мың литрге жетеді. Осылайша, цифрлық технологиялар өнімділікті 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік бермек», – деді Құмар Ақсақалов

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

СҚО өңірді өзі өндіретін құс етімен 100% қамтамасыз етуге дайын

16.01.2023

Қазақстан үкіметі экономикаға 300 мың доллар инвестиция құйған шетелдіктерге 10 жылдық виза бермек

25.10.2022

“Zamzam Qazaqstan” компаниясы жалған визаға қатысты жауап беруден бас тартты

28.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа