No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СҚО-да 2 мың сиырға арналған сүт фермасы ашылды

29.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңға жуық сиырға арналған өңірдегі ең ірі сүт фермасы ашылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.

Өңірдегі алғашқы мегаферма Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан. Жаңа іске қосылған нысанның жұмысын СҚО әкімі Құмар Ақсақалов барып көрді. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

«Облыста ауыл шаруашылығында жаңа кешендерді іске қосу жалғасуда. Ғабит Мүсірепов ауданында 1,8 мың басқа арналған «Возвышенка СК» ЖШС-нің мегафермасы іске қосылды. Жобаның құны — 4,5 млрд теңге. 30 тұрақты жұмыс орны ашылды, кейін 60 дейін жеткізілмек.

Бұл өңірдегі ең үлкен сүт фермасы және республикадағы ең ірі фермалардың бірі. Толық қуатына шыққанда кәсіпорын жылына 9 мың тонна сүт өндіреді. Қарапайым тілмен айтсақ, мегаферма бір жыл бойы 30 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады», — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, Ғ.Мүсірепов ауданында 5 жыл бұрын 3 сүт фермасы ғана жұмыс істеген. Бүгін мұнда алтыншы ферма іске қосылды. Осы аудандағы екі шаруашылықта екі ферма салынып жатыр, жақында тағы екеуінің құрылысы басталмақ. Осылайша мұндағы сүт фермаларының саны 10-ға жетпек

«Биыл Қазақстанда 35 өнеркәсіптік сүт фермасының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде тек біздің облыста 17 сүт фермасы салынып жатыр. Яғни, құрылысы жүріп жатқан сүт фермаларының тең жартысы солтүстік өңірде. Жыл соңына дейін 8 ферма іске қосылады. Жалпы биыл облыста ауыл шаруашылығы саласында 81,9 млрд теңгенің 33 инвестжобасы жүзеге асырылуда.

Автоматтандырылған және цифрлық ферма өнімділікті айтарлықтай өсіреді. Егер ескі фермаларда жылына бір бас 3 мың литр сүт берсе, заманауи фермаларда бұл көрсеткіш 7-8 мың литрге жетеді. Осылайша, цифрлық технологиялар өнімділікті 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік бермек», — деді Құмар Ақсақалов

 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Биткоин 10 пайызға өсіп, 21 000 долларды құрады

10.09.2022

Қазақстан азық-түлік қымбаттауы бойынша «үздіктер» қатарында

22.08.2022

«Қайнар-АКБ» ЖШС басшысы: «Қазақстанда аккумулятор шығарғанға мол мүмкіндік бар»

03.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа