2021 жылдың қорытындысы бойынша Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4%-дан 9%-ға дейін ұлғайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Әлихан Смайылов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
“Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалана отырып, бұл іске үлес қосуға дайын. Мұнда маңызды қадам селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу болады. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, мемлекеттеріміздің ғылыми селекциялық орталықтарын кооперациялауға жол ашады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді”, – деді ол.
Үкімет басшысының айтуынша, Ақтау портының “Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей” бағытындағы торапқа айналуға әлеуеті зор.
“Қазіргі жағдайда Транскаспий көлік дәлізінің Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі рөлі де артып келеді. Осы бағыттың мүмкіндіктерін бірлесіп іске асыру жүктердің тұрақты көлемінің болуы мен үздіксіз тасымал көлемін қамтамасыз етеді”, – деп атап өтті Премьер-Министр.