No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қылорлалық кәсіпкерлер 2,5 пайызбен несие алуға дайын ба?

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің отырысына қатысушылар келер жылдан бастап халықтың табысын арттыру үшін берілетін 2,5 пайыздық несие, оған кәсіпкерлердің дайындығы, https://gosagro.kz/ субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін қарады.

25.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Шараға Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Дәулет Әбдірасулов 2023 жылдың қаңтарынан https://qolday.kz/ сайтының жұмысы тоқтап, кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды https://gosagro.kz/ субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы алатынын жеткізді.

https://gosagro.kz/-тің ерекшелігі – қызмет ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне тегін көрсетіледі. Бұрынғы жүйеде ақылы көрсетілген.

Дәулет Әбдірасулов жаңа ақпараттық жүйе енді іске қосылып жатқанын, кемшіліктері бойынша бизнес өкілдерінің ұсыныстарын Кәсіпкерлер палатасы мамандарымен бірге жинақтап, жауапты ұйымға жолдайтынын айтты.

«Жалпы субсидияға қатысты шаруалардың сұрақтары жеткілікті. Жаңа жүйенің жұмысына байланысты мәселе туындаған жағдайда агроөнеркәсіп кешені комитетінде қарап, бағдарлама операторына жеткіземіз», – деді Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Отырыста халықтың кірісін арттыруға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін 2,5 пайыздық несиені беру жолдары талқыланды.

Президенттің Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасында айтқан халықтың кірісін арттыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында келер жылдан бастап жаңа жоба жүзеге асырылады.

Жоба аясында жалпы республика көлемінде жеңілдетілген несиеге 52,3 млрд теңге қаралған. Облыстың  үлесі — 3 млрд теңге көлемінде.

Жиында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру талаптарының жобасы, қазірден бастап жасалатын дайындық шаралары түсіндірілді.

Ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер жоба шеңберінде берілетін жеңілдетілген несиенің көлемін арттыруды және ашықтығын, кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікті бағалау коэффицентін көтеруді ұсынды.

Сонымен бірге, кәсіпкерлер өз араларынан агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасын сайлады. Комитет мүшелерінің дауыс беруімен Өңірлік кеңес мүшесі, «Ақтөбе және К» ЖШС директоры Нұрлан Іздібаев  комитет төрағасы болды.

Айта кетейік, агроөнеркәсіп кешені комитетінің қарауына ұсыныс бергісі келген кәсіпкерлер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Алма Пірмановаға 8 /7242/ 40-09-81 байланыс нөмірі арқылы хабарласа алады.

 

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Әрбір қазақстандықтың 1 миллион АҚШ доллардай қарызы бар

14.02.2023

Кәсіпкерлік негіздерін  онлайн оқу мүмкіндігі туды

25.07.2022

«Желілік маркетингтің сіз білмейтін шындығы» кітабы не туралы?

12.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа