Депозиттің толық тізбесі мен шарттарын веб-сайт пен ForteBank қосымшасынан білуге болады.
“Әлемдік экономикадағы құбылмалылық пен инфляцияның өсуін ескере отырып, Forte клиенттердің жинақтарын сақтап, ұлғайту үшін депозит мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, біріншіден, Forte жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің мүшесі болып табылады. Екіншіден, банк тұрақты дамып, оның негізгі көрсеткіштері өсуде. Бұл клиенттердің өз жинақтарын сенімді түрде сақтай алатынын білдіреді”, – деді Forte бөлшек сауда бизнесінің басқарушы директоры Амырхан Чиканаев.
Биыл қыркүйек айында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Forte банк табысының айтарлықтай өскенін, капиталдандырудың ұлғайғанын, мұрагерлік портфель секілді несиелердің айтарлықтай төмендегенін, сондай-ақ мықты қорландыру жүйесі мен өтімділік базасының көтерілгенін атап өтті. Осы факторларды ескере отырып, Fitch Ratings ForteBank-тің ұзақ мерзімді рейтингін “Тұрақты” болжаммен “BB-” деңгейіне көтерді.
Биылғы 9 айлық көрсеткіш бойынша Forte активтері 8,4%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгені құрады. Банктің несие портфелі 28%-ға өсіп, 1 трлн теңге болды. Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері 8,7%-ға өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті. Банктің халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары бойынша 9 айдағы таза табысы 75 млрд теңгені құрады.