No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

 Forte активтері 2,6 трлн теңгені құрады.

ForteBank жеке тұлғалардың жаңа депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көтерілгенін хабарлайды. Осылайша, орналастыру мерзімі үш және алты ай болатын "Жинақ" депозиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,0% құрайды. Клиенттер бұл депозитті банктің мобильді қосымшасы арқылы аша алады.

07.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Депозиттің толық тізбесі мен шарттарын веб-сайт пен ForteBank қосымшасынан білуге болады.

«Әлемдік экономикадағы құбылмалылық пен инфляцияның өсуін ескере отырып, Forte клиенттердің жинақтарын сақтап, ұлғайту үшін депозит мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, біріншіден, Forte жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің мүшесі болып табылады. Екіншіден, банк тұрақты дамып, оның негізгі көрсеткіштері өсуде. Бұл клиенттердің өз жинақтарын сенімді түрде сақтай алатынын білдіреді», — деді Forte бөлшек сауда бизнесінің басқарушы директоры Амырхан Чиканаев.

Биыл қыркүйек айында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Forte банк табысының айтарлықтай өскенін, капиталдандырудың ұлғайғанын, мұрагерлік портфель секілді несиелердің айтарлықтай төмендегенін, сондай-ақ мықты қорландыру жүйесі мен өтімділік базасының көтерілгенін атап өтті. Осы факторларды ескере отырып, Fitch Ratings ForteBank-тің ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» болжаммен «BB-» деңгейіне көтерді.

Биылғы 9 айлық көрсеткіш бойынша Forte активтері 8,4%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгені құрады. Банктің несие портфелі 28%-ға өсіп, 1 трлн теңге болды. Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері 8,7%-ға өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті. Банктің халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары бойынша 9 айдағы таза табысы 75 млрд теңгені құрады.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?

09.12.2022

Алматы облысында балалар мектепке 20 мың теңгемен қатынайды

16.12.2022
PantherMedia A5534958

Қаржы үнемдеудің 8 тәсілі

01.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа