No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талдықорғанда IT кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Startup orda» жобасы іске қосылды

28.11.2022
Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Талдықорғанда алғаш рет Astana Hub-пен бірлесіп жасалған «Startup orda» жобасы іске қосылды. Осыған орай, IT-кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли, «NARI QazInnovation» АҚ делегация өкілдері қатысты.

Шара барысында сөз алған «NARI QazInnovation» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шынасыл Ерназар:

– Аймақта «NARI QazInnovation» АҚ «Astana Hub» халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» инкубациялық бағдарламасын өткізуді жоспарлап отыр. Біз IT бизнесімен айналысатындарға көмектескіміз келеді. Бағдарламаға қатысу арқылы әркім өзінің IT жобасын іске қосуды және алғашқы инвестиция тартудың тиімді жолдарын үйрене алады. Жеңімпаздар 5 млн.теңгемен марапатталады, – деді.

Өз кезегінде Рустам Әли өскелең ұрпақ  өз жобасын жасап халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, жетістікке жетіп жатса,  үлкен қуаныш екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орналасқан жобаның мақсаты –  ІТ кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін инновациялық технологияларды пайдалану. Бағдарламаға 14 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Бүгінде 30-дан астам жоба ұсынылыпты. Олар IT кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3 ай курстан өтеді. Курс аяқталған соң, 10 жоба комиссия қаралымына жіберіледі. Үздік деп танылғаны Астана қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Уоррен Баффет Дэротестер Омаханың «Пилигригаж» айына қоштасу – Financial Times

05.05.2025

Кәсіп ашамын деген жандарға 5 кеңес

29.12.2022

Елімізде парақорлардың көмегімен 62 мектеп салынды

17.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа