TikTok-тың негізгі басымдығы – қоғамдастық мүшелері шығармашылық арқылы өздерін еркін көрсете алатын жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Платформа пайдаланушыларды онлайн-қауіпсіздік негіздеріне оқытуға көп көңіл бөледі, сондықтан Қазақстанда «TikTok қауіпсіздік академиясы» алғашқы білім беру бастамасын іске қосады, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.
Бірінші науқан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және ата-аналардың жасөспірімдердің онлайн өміріне қатысуы туралы болады. TikTok ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жасөспірімдермен интернеттегі қауіпсіздік туралы ашық сөйлесуге және қосымшаның қауіпсіздік функциялары мен параметрлері туралы сөйлесуге үйрету үшін Қазақстандағы ата-аналарға арнайы «Отбасылық басшылықты» дайындады.
Сондай-ақ, науқан аясында танымал TikTok креаторлары платформаның қазақстандық қоғамдастығы үшін оқыту бейнероликтерін түсірді, ал пайдаланушылар арнайы квизға қатысу арқылы алған білімдерін тексере алады.
“Оның көмегімен латформа Қазақстандағы пайдаланушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға, интернеттегі қауіпсіз тәртіп туралы және платформада өздерін жайлы сезінуге көмектесетін TikTok құралдары туралы білімдерін кеңейтуге ұмтылады”, – делінген ақпаратта.
Науқанның бірінші бөлімі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының қауіпсіздігі мен цифрлық сауаттылығына арналған. Платформаның қазақстандық қауымдастығы үшін TikTok арнайы кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін платформаның функциялары мен параметрлері туралы ақпаратты табуға болатын «Отбасылық басшылықты» дайындады.
ЮНИСЕФ сарапшылары дайындаған басшылықтың жеке тарауында ата-аналарға жасөспірімдерді цифрлық тәрбиелеу және олармен интернет-ресурстарды пайдалану ережелері туралы коммуникация бойынша ұсыныстар бар. «Отбасылық басшылық» TikTok Қауіпсіздік орталығында қол жетімді.
Арнайы науқан үшін Қазақстанның танымал креаторлары ата-аналарға жасөспірімдерді онлайн қалай қорғау керектігі туралы білуді одан да ыңғайлы әрі оңай ету үшін «Отбасылық басшылықтан» пайдалы ақпараты бар оқыту бейнероликтерін түсірді.
Жобаға кәсіби футболшы Баламирза Әлиев, музыкант Baur Karbon @karbon.baur, сән туралы контент авторы Зи Марат @ohmybabyzee, ойын-сауық контентінің авторы Тимур Пирс @timur.pirs, отбасылық авторлар Арай Малгаждар @ariokkka, Марат Ягфаров @yagfunkyfamily, Юлия Пак @pak_lafamilia және басқа да талантты креаторлар қатысты, олар пайдаланушыларға TikTok-тағы жас шектеулері, жеке хабарламаларды бақылау, «Отбасылық теңшелімдер» функциялары және платформа қауымдастығының Қағидалары туралы айтты.
Бейнені көріп және «Отбасылық басшылықпен» танысқаннан кейін, пайдаланушылар ақпаратты қаншалықты жақсы қабылдағанын тексеру үшін арнайы квизға қатыса алады.
TikTok платформаның саясаты мен функционалдығын үнемі дамыта отырып, пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді жұмысын жалғастыруда.
- Платформаның қауымдастық Қағидалары барлық TikTok пайдаланушылары үшін қауіпсіз және қонақжай кеңістікті қамтамасыз ететін нормалар мен жалпы тәртіп ережелерін белгілейді. Қағидалардың жеке блогы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне арналған.
- TikTok 13 жастан асқан пайдаланушыларға арналған. 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі аккаунттар платформадан жойылады. 18 жасқа толмаған пайдаланушылар тікелей эфирлер жасай алмайды және виртуалды сыйлықтар жібере алмайды, 16 жасқа толмаған пайдаланушылар жеке хат алмасуды жүргізе алмайды, ал 13-15 жастағы пайдаланушылардың аккаунттары әдепкі бойынша жеке болып табылады.
- «Отбасылық теңшелімдер» функциясы ата-аналар мен жасөспірімдерге қауіпсіздік параметрлерін олардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес реттеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ ата-аналар мен қамқоршыларға TikTok есептік жазбасын жасөспірімнің есептік жазбасымен байланыстыруға және оның есептік жазбасының бірқатар қауіпсіздік және құпиялылық параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Қауіпсіздік орталығы ата-аналар мен жасөспірімдерге TikTok-та қауіпсіздік, құпиялылық және қорғау тәсілі туралы көбірек білуге көмектесетін нұсқаулықтарды біріктіреді. Ақпараттық портал платформадағы қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен ата-аналарға арналған нұсқаулықтарды, буллингке қарсы күресті, суицид пен өзіне-өзі зиян келтіру туралы контент саясатын және т.б. көрсететін бірнеше бөлімдерден тұрады.
Айта кетейік, ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумақтарында өз міндеттемелерін іске асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте ең аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына ерекше назар аударады; балалардың игілігі үшін, әлемнің түкпір-түкпірінде.