No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Өз бизнесіңді құр» байқауының гранты туралы білесіз бе?

04.01.2023
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Өз бизнесіңді құр» жыл сайынғы байқауының грант мөлшері қанша?

Байқау жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға немесе жаңасын құруға арналған. Байқауды 2013 жылдан бері «Сәби» қайырымдылық қоры ұйымдастырып келеді.

Жалпы жүлде қоры мен грант саны жыл сайын байқау басталар алдында бекітіліп, сайтта жарияланады. Дегенмен ұйымдастырушылар гранттардың мөлшері мен санын байқаудың кез келген уақытында өзгертуге құқылы.

«Өз бизнесіңді құр» байқауы қай уақыт аралығында өтеді?

Байқау жыл сайын қараша мен наурыз айларында өтеді. 2019-2020 жылдардағы іріктеу аяқталды. Ал 2020-2021 жылдарға арналған іріктеуі енді басталады. Нақты датаны қордың ресми сайтынан біліп отыруға болады.

Өз бизнесіңді құр» байқауына қалай қатысуға болады?

Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алды. Ол үшін неге дәл сіздің жоба грантқа лайық екені айтылып, көрсетілетін видео түсіру керек. Ұзақтығы — 1 минут. Одан кейін Saby.kz сайтында өтінім толтырып, жібереді.

Видероликке қойылатын талаптар мыналар:

  • ролик ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек;
  • видеролик қазақша немесе орысша түсіріледі;
  • видеоның басында ұйымдастырушылар конкурс үшін арнайы жасаған видеокіріспе қолданылуы керек (ресми сайттан жүктеп алуға болады). Жобаның қатысушылары және оның атауы да көрсетілуі керек.
  • бизнес идеясы ашылуы қажет;
  • қазір қандай ресурстар бар екенін және нендей іс біткені айтылуға тиіс;
  • қосымша қаржы қандай мақсат үшін, қандай мөлшерде қажет екені хабарлануы қажет;
  • бизнес-жобаның өзекті әрі потенциалы болуы керек.

Қатысушылар видео сілтемесін кем дегенде үш әлеуметтік желіге (Instagram, Facebook) және YouTube-ке арнайы хэштегпен жүктеуге тиіс. Былтырғы байқаудың хэштегі #sabykz2020 болды.

«Өз бизнесіңді құр» байқауы қанша кезеңнен тұрады?

Қатысушылар үш кезеңнен өтеді:

  • барлық жұмысты қабылдау;
  • 20-25 жоба іріктеліп алынған шорт-лист дайындау;
  • байқау финалистерін, солардың ішінен жеңімпаздарды анықтау.

Шорт-лиске кірген қатысушылар бизнес-жоспарын ұсынуы керек. Шорт-лиске атқарайын деп жатқан ісі ұқсас жобалар қатар келсе, басқаларына қарағанда бірінші өтінім жіберген жоба өтеді. Бизнес-жоспарды бағалау қорытындысы арқылы байқау финалистері анықталады. Жеңімпаздар бизнес жобасын жүзеге асыруға негізгі грант алады.

Байқаудың әр финалисі жүзеге асырып жатқан жобасы арқылы «Сәби» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы кем дегенде бір адамды жұмысқа орналастыруы қажет.

Роликте және бизнес-жоспарда көрсетілген ақпараттың бәрі ашық дереккөз саналады. «Сәби» қоры қатысушылар ұсынған ақпараттың автор құқығына жауап бермейді.

«Өз бизнесіңді құр» байқауында қандай жобаның жеңіп шығуға мүмкіндігі көп?

Перспективалы, экономикалық жағыннан тиімді және әлеуметтік маңызы бар салалардағы бизнес-жобалар немесе дамудың соңғы сатысында тұрған бизнес басымдыққа ие. Өндірістік және ғылыми салаларға назар аудара отырып, экономиканың нақты секторына басымдық беріледі.

«Өз бизнесіңді құр» байқауына қандай жобалар өтпейді?

Байқауға қатысуға мынадай өтінімдер қабылданбайды:

  • алкоголь мен темекі өнеркәсібіндегі, ойын бизнесі саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған жұмыстар;
  • зорлық-зомбылық пен сексуал сипаттағы көріністері бар жұмыстар.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

ҚР АШМ мен «Wintersteiger AG» компаниясы өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаласты

11.12.2022

Алматыда «Арлан» базары отқа оранды

11.01.2023

Шымкентте қос компания дизель отынының тапшылығын қолдан жасаған

23.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа