Кәсіпкерлердің айтуынша, салық органдары 2019 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізілгенін қарамастан тексерісті жалғастырып келеді екен. Сондай-ақ кәсіпкерлерді салық төлеуге мәжбүрлеу үшін кез келген келісімшартты жоғарады шығарады, дейді олар.
“Кәсіпкерлер тарапынан шағым көп түседі. Салық инспекциясы бұрын жасалған кез келген келісімшартты жоққа шығарып, мемлекетке салық төлемеген етіп көрсетеді. Дегенмен кәсіпкерлер қандай келісім жасалмаса да, бірден салық төлейді. Сондықтан қазір кәсіпкерлер өздеріне жасалған қысымнан құтылу үшін салық органы өкілдерінің талабына келісіп, үлкен көлемдегі салық төлеуге мәжбүр. Біз сөзбен айтқанда, Қазақстанда кәсіпкерлер мүлдем қорғалмаған”, – деді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының өкілі Дмитрий Казанцев.
Кәсіпкер және заңгер Мария Басараб келісім шартты негізсіз деп тану үшін салық органы өкілдері барлық айла-тәсілдерді қолданатынын айтады. Нәтижесінде сотқа арыз түсіріп, өз лауазымын асыра пайдаланады екен.
“Салық органының өкілдері ешқандай рұқсатсыз тексеріс жүргізіп, сотқа арыз түсіреді. Ал сот өкілдері мемлекеттік органның сөзіне сеніп, келісімшартты жоққа шығарады. Қазір бұл бассыздыққа қарсы тұру мүмкін емес. Салық комитеттерінің өз лауазымын асыра пайдалануы біздің басты мәселеміз болып отыр. Кез келген бизнестің келіссөзден тұратынын ұмытпау керек. Тіпті кеңсені жалға алу кезінде де келісімшарт жасалады. Салық органы өкілдері мұны біледі”, – дейді Мария Басараб.
Кәсіпкердің айтуынша, салық органы өкілдерінің сотқа шағымдануға да құқығы жоқ. Дегенмен олар бұл талапты да ескермейді дейді.
“Екінші мәселеміз – сотпен немесе өзге органдармен келіспестен шот-фактураларды бұғаттау. Салық комитеті кез келген кәсіпорынның жұмысын тоқтата алады, әйткенмен қазір бұл мүлде бақыланбайды. Шот фактура жабылса, келіссөз жүргізілмейді. Кәсіп тоқтайды деген сөз”, – деп түсіндірді Мария Басараб.
Ал заңгер Аина Валиханова кәсіпкерлерге қатысты қозғалған істерде де заң бұзушылықтар кездесетінін қосып өтті.
“Салық органдарының міндеті бірнеше заңда белгіленген. Бірақ бұған қарап жатқан ешкім жоқ. Мәселен, орган өкілдері кәсіпкер жасаған келісімшартты жарамсыз деп танып, арызды сот материалына қоса алады. Ал арызда үш жыл бұрын алынып тасталған заң нормалары көрсетіледі. Әйткенмен бұл нормалар Жоғарғы сот шешімімен алынып тасталған. Мұндай қайшылықтарға кейбір соттар да көз жұма қарап отыр. Әрине, барлығы емес. Кей соттар мақала жазып, салық органы өкілдерінің бұл әрекеті азаматтық құқықты аяқ асты ету екенін де айтқан. Бірақ жағдай ушықпаса, жақсарған емес”, – дейді Аина Валиханова.
Сонымен қатар салық органы өкілдері кәсіпкерлік деңгейін қалауынша өзгертеді екен. Бұл мораторийді айналып өтіп, тексеріс жүргізу үшін жасалады, деді Мария Басараб.
“Менің кәсібім Ұлттық экономика министрлігіне шағын бизнес ретінде тіркелген. Алайда салық тексерісінен кейін кәсібімнің ірі бизнес қатарына қосылғанын анықтадым. Салдарынан 2022 жыл басталғалы сот отырыстарына қатысып келемін. Заңгер жалдауға мәжбүрмін. Сәйкесінше кәсіп тұралап қалды. Өткен жылы мемлекетке 50 миллион теңге салық төлесем, қазір 1 миллион ғана төледім”, – деп мәлімдеді кәсіпкер Ербол Өскембаев.