No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Елде кәсіпкерлер мүлде қорғалмаған»: Шағын және орта бизнес өкілдері салық органдары тарапынан жүргізілген негізсіз тексерістерге шағымданды

Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдері бейне үндеу жариялап, мемлекет басшысына хат жолдады. Кәсіпкерлердің мұндай қадамға баруына Салық комитетінің негізсіз тексерістері себеп болған. Сөздерінше, салық инспекторлары мораторийге қарамастан кәсіп өкілдерін тексеріп, негізсіз қосымша салық төлеуге міндеттеген. Сонымен қатар бұрын жасалған келісім шарттарды жарамсыз деп танып, сотқа арыз түсіреді екен. Салдарынан талай кәсіпкер банкроттыққа ұшырады деген олар президенттен мәселені шешіп беруді сұрайды.

30.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпкерлердің айтуынша, салық органдары 2019 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізілгенін қарамастан тексерісті жалғастырып келеді екен. Сондай-ақ кәсіпкерлерді салық төлеуге мәжбүрлеу үшін кез келген келісімшартты жоғарады шығарады, дейді олар.

«Кәсіпкерлер тарапынан шағым көп түседі. Салық инспекциясы бұрын жасалған кез келген келісімшартты жоққа шығарып, мемлекетке салық төлемеген етіп көрсетеді. Дегенмен кәсіпкерлер қандай келісім жасалмаса да, бірден салық төлейді. Сондықтан қазір кәсіпкерлер өздеріне жасалған қысымнан құтылу үшін салық органы өкілдерінің талабына келісіп, үлкен көлемдегі салық төлеуге мәжбүр. Біз сөзбен айтқанда, Қазақстанда кәсіпкерлер мүлдем қорғалмаған», – деді  Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының өкілі Дмитрий Казанцев.

Кәсіпкер және заңгер Мария Басараб келісім шартты негізсіз деп тану үшін салық органы өкілдері барлық айла-тәсілдерді қолданатынын айтады. Нәтижесінде сотқа арыз түсіріп, өз лауазымын асыра пайдаланады екен.

«Салық органының өкілдері ешқандай рұқсатсыз тексеріс жүргізіп, сотқа арыз түсіреді. Ал сот өкілдері мемлекеттік органның сөзіне сеніп, келісімшартты жоққа шығарады. Қазір бұл бассыздыққа қарсы тұру мүмкін емес. Салық комитеттерінің өз лауазымын асыра пайдалануы біздің басты мәселеміз болып отыр. Кез келген бизнестің келіссөзден тұратынын ұмытпау керек. Тіпті кеңсені жалға алу кезінде де келісімшарт жасалады. Салық органы өкілдері мұны біледі”, – дейді Мария Басараб. 

Кәсіпкердің айтуынша, салық органы өкілдерінің сотқа шағымдануға да құқығы жоқ. Дегенмен олар бұл талапты да ескермейді дейді.

“Екінші мәселеміз – сотпен немесе өзге органдармен келіспестен шот-фактураларды бұғаттау. Салық комитеті кез келген кәсіпорынның жұмысын тоқтата алады, әйткенмен қазір бұл мүлде бақыланбайды. Шот фактура жабылса, келіссөз жүргізілмейді. Кәсіп тоқтайды деген сөз”, – деп түсіндірді Мария Басараб. 

Ал заңгер Аина Валиханова кәсіпкерлерге қатысты қозғалған істерде де заң бұзушылықтар кездесетінін қосып өтті.

«Салық органдарының міндеті бірнеше заңда белгіленген. Бірақ бұған қарап жатқан ешкім жоқ. Мәселен, орган өкілдері кәсіпкер жасаған келісімшартты жарамсыз деп танып, арызды сот материалына қоса алады. Ал арызда үш жыл бұрын алынып тасталған заң нормалары көрсетіледі. Әйткенмен бұл нормалар Жоғарғы сот шешімімен алынып тасталған. Мұндай қайшылықтарға кейбір соттар да көз жұма қарап отыр. Әрине, барлығы емес. Кей соттар мақала жазып, салық органы өкілдерінің бұл әрекеті азаматтық құқықты аяқ асты ету екенін де айтқан. Бірақ жағдай ушықпаса, жақсарған емес”, – дейді Аина Валиханова. 

Сонымен қатар салық органы өкілдері кәсіпкерлік деңгейін қалауынша өзгертеді екен. Бұл мораторийді айналып өтіп, тексеріс жүргізу үшін жасалады, деді Мария Басараб.

“Менің кәсібім Ұлттық экономика министрлігіне шағын бизнес ретінде тіркелген. Алайда салық тексерісінен кейін кәсібімнің ірі бизнес қатарына қосылғанын анықтадым. Салдарынан 2022 жыл басталғалы сот отырыстарына қатысып келемін. Заңгер жалдауға мәжбүрмін. Сәйкесінше кәсіп тұралап қалды. Өткен жылы мемлекетке 50 миллион теңге салық төлесем, қазір 1 миллион ғана төледім”, – деп мәлімдеді кәсіпкер Ербол Өскембаев. 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісуда БАӘ нарығын бағындырған бал шығады

17.08.2022

Жеке тұлғалар салық бойынша Telegram арқылы көмек ала алады

16.12.2022

Маңғыстау облысындағы кәсіпорындар өнімдерін шет елге шығармақ

23.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа