No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында балалар мектепке 20 мың теңгемен қатынайды

16.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысындағы Айғаным ауылында мектеп жоқ. 1500-ге жуық бала таксимен қатынап, көрші елдімекендердің мектептерінде шашырай оқиды. Өйткені, автобус жоқ. Ал баласын сабаққа шығарып салған ата-аналар күн сайын жанын шүберекке түйіп отырады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бала көп. Мектеп жоқ. Алматы облысындағы Қайнар ауылдық округінің тұрғындары балаларын өзге аудан мектептеріне тасымалдап оқытуға мәжбүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік өкілдерінің мектеп саламыз дегеніне 7 жылдан астам уақыт өткен, алайда онысы қарашаны алдаусырату мен сөзбұйдаға салынып келеді.

“Осы жерде, міне, мектептің орны деп анықталған жер, 2 де 2 гектар жер екен. 10 жыл бұрын актісі алынған, содан бері әлі мектеп салынатындай бұл арада нышан байқалмайды. Балалар көрші ауылға таксимен барады. Бірақ оның құны қымбат”, – дейді Айғаным ауылының тұрғыны Ерлік Әбдірахман.

“3 немерем бар мектепке баратын. Әр үйден 5 баладан шығады дейді. Солардың бәрі таксимен қатынайды. Такси әр балаға айына 20 000 теңгеден алады. Ата-анаға да обал, балаға да обал”, – дейді Айғаным ауылының тұрғыны Күләйша Әлжанова.

Тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Күні кеше облыстық әкімдіктің табалдырығын кешке дейін күзетіпті. Ал әкімдік бұл мәселе келер жылы қолға алынады деп, тағы да шығарып салған. Сөзін еш жерге өткізе алмаған қалың қауым қатты назалы.

“Округ тарапынан, аудан тарапынан білім басқармасына сұраныстар берілген, қосымша автобусты қарастыру. Енді үшінші тоқсанға жоспарда тұр. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында қамтамасыз ету жоспарда тұр”, – деді Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есенбаев.

Келер жылы сондай-ақ, ауылдық округте үш мектептің құрылысы басталмақ. Қазір оған қажетті қаражат есептеліп, мердігер компания анықталып жатыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды

27.09.2022

Кәсіпкерлер қанша салық төлейді?

18.11.2022

Ақмолада азық-түлік өндірісі бойынша 92 инвестициялық жоба қолға алынды

25.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа