No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында балалар мектепке 20 мың теңгемен қатынайды

16.12.2022
Жаңалықтар, Айна
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысындағы Айғаным ауылында мектеп жоқ. 1500-ге жуық бала таксимен қатынап, көрші елдімекендердің мектептерінде шашырай оқиды. Өйткені, автобус жоқ. Ал баласын сабаққа шығарып салған ата-аналар күн сайын жанын шүберекке түйіп отырады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бала көп. Мектеп жоқ. Алматы облысындағы Қайнар ауылдық округінің тұрғындары балаларын өзге аудан мектептеріне тасымалдап оқытуға мәжбүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік өкілдерінің мектеп саламыз дегеніне 7 жылдан астам уақыт өткен, алайда онысы қарашаны алдаусырату мен сөзбұйдаға салынып келеді.

«Осы жерде, міне, мектептің орны деп анықталған жер, 2 де 2 гектар жер екен. 10 жыл бұрын актісі алынған, содан бері әлі мектеп салынатындай бұл арада нышан байқалмайды. Балалар көрші ауылға таксимен барады. Бірақ оның құны қымбат», — дейді Айғаным ауылының тұрғыны Ерлік Әбдірахман.

«3 немерем бар мектепке баратын. Әр үйден 5 баладан шығады дейді. Солардың бәрі таксимен қатынайды. Такси әр балаға айына 20 000 теңгеден алады. Ата-анаға да обал, балаға да обал», — дейді Айғаным ауылының тұрғыны Күләйша Әлжанова.

Тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Күні кеше облыстық әкімдіктің табалдырығын кешке дейін күзетіпті. Ал әкімдік бұл мәселе келер жылы қолға алынады деп, тағы да шығарып салған. Сөзін еш жерге өткізе алмаған қалың қауым қатты назалы.

«Округ тарапынан, аудан тарапынан білім басқармасына сұраныстар берілген, қосымша автобусты қарастыру. Енді үшінші тоқсанға жоспарда тұр. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында қамтамасыз ету жоспарда тұр», — деді Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есенбаев.

Келер жылы сондай-ақ, ауылдық округте үш мектептің құрылысы басталмақ. Қазір оған қажетті қаражат есептеліп, мердігер компания анықталып жатыр.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ипотекалық сегмент бір жылда 44,8 пайызға көбейді

26.12.2022

«Мұнай бағасының төмендеуі теңгені әлсіретті»

10.08.2022

85 мыңнан астам адам салық декларациясын тапсырмады

12.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа