Пластик қалдықтары мәселесі мемлекет, халықаралық ұйымдар, бизнес тіпті барша адам бірлесе атсалысқан жағдайда ғана шешіледі. Сонымен қатар бұл мәселенің ең тиімді жолы пластикті жинау және өңдеу, өңделетін пластик көлемін ұлғайту және бұдан жаңа тауар өндіру.
Көптеген компаниялар қолданыстағы пластик айналымын басқаруға арналған кешенді жобалар әзірлеп, іске асыру үстінде. Солардың бірі – әлемдегі сусын және азық-түлік өндіретін ірі PepsiCo компаниясы. PepsiCo бір жыл бұрын pep+ бизнес-процестерді стратегиялық трансформациясын бастады. ОРның негізінде үш бағыт жатыр – орнықты ауыл шаруашылығы, берік жеткізу легі мен тұтынушыларды адамдар және әлем үшін пайдалы азық-түлік өнімдерін таңдауға ынталандыру.
Берік жеткізу легі дегеніміз 2040 жылға қарай көмірқышқыл бейтараптығына жету дегенді білдіреді.
PepsiCo бұл бағытта алдына үлкен мақсаттар қоюдыа. Қаптамада өңделген rPET пластигі арқылы бірінші реттік пластик көлемін азайтуға болады. 2030 жылға қарай компания қаптамадағы пластиктің 50%-ын rPET-пен алмастыруды жоспарлап отыр. rPET пластигі қазір тек сусындарға ғана емес, “Домик в деревне” мен “Чудо” сынды сүт өнімдерінде де қолданылады.
2022 жылдың басында компания 2030 жылға қарай снектерге арналған қаптаманың толығымен қайта өңделетінін мәлімдеген еді. Чипстердің барлық қаптамаларын өңдеп, жаңа қаптама немесе өзге де тұрмыстық пайдалы заттарды шығаруға болады. Әлемнің көптеген елдерінде компания Lay’s RePlay жобасын жүзеге асырып, аулаларда өңделген чипс қаптамаларынан жасалған жабыны бар футбол алаңдарын салуда.
Жасанды егістік алаңдарының жасалуына материал дайындау үшін қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа технологиясы қолданылады. Мысалы чипсилердің бос пакеттерін тазартып, кейін оны ұсақтап, резеңке қосады. Алынған қоспадан түйіршіктер пайда болып, олардан жасанды егістің негізі алынады.
Алғашқы эко алаңның орны Оңтүстік Африканың Тембиса қаласында ашылды. Компания мұндай алаңдардың құрылысын Бразилия, Түркия және Ұлыбританияда ашуды жоспарлап отыр.
Қалдықтарды жинақтап, қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту үшін PepsiCo бизнес серіктестермен, коммерциялық емес және салалық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді. Бұл тұрғыда тұтынушылармен де байланыс орнатылуда. Мәселен, кейбір елдерде қаптамалар сыртында жинау орындарының аймағын білуге болатын ақпарат орналастырылған. Оны камераны QR-кодқа бағыттаған кезде көрсетілген карта арқылы табуға болады.
Желтоқсан айының басында PepsiCo 2030 жылға қарай қайта пайдалануға болатын қаптамадағы сусындардың үлесін 10%-дан 20%-ға дейін екі есеге арттыратынын мәлімдеді. Бұл SodaStream сияқты инновациялық шешімдері меңзейді. Сонымен қатар тұтынушыларға өздерінің сүйікті газдалған сусындарын қалауларынша өз контейнерінде жасауға мүмкіндік береді. Компания қайта пайдалануға болатын пластик және шыны бөтелке үлгілерін әзірлеу бағдарламаларына инвестиция салмақ. Сол арқылы көп рет пайдалануға болатын шыны аяқтары бар газдалған сусындарды сату автоматтарының бизнесін дамытады. Қазірдің өзінде PepsiCo 80 елде қайта пайдалануға болатын орамдағы өнімдерді ұсынуда.
Бүгінгі күні өзекті болған пластиктердің мәселесін жан-жақты көзқарас пен шығармашылық шешімдер тауып, қалдықтарға байланысты түрлі жобалар арқылы бірлесе шеше аламыз!