No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отандық жүк тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы үлесі 7%-ға жетті

Қазір халықаралық жүк тасымалы нарығындағы қазақстандық тасымалдаушы компаниялардың үлесі – 7%, деп хабарлайды kazbusiness.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

04.01.2023
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес теңіз порттарын «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енгізу мәселесі пысықталып, бұл өз кезегінде әлеуетті инвесторлар үшін порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Заңнамалық жұмыстар аясында суға батқан кемелерді жою мәселелеріне қатысты халықаралық шарттардың нормаларын имплементациялау (халықаралық міндеттемелерді мемлекеттің ішінде іске асыру, сондай-ақ халықаралық-құқықтық нормаларды ұлттық құқықтық жүйеге енгізудің нақты тәсілі) бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2022 жылдағы 11 айдың қорытындысы бойынша былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 19%-ға өскен. Оның ішінде контейнерлік тасымалдар 24%-ға ұлғайды. Сондай-ақ теміржол көлігі бойынша жүктерді тасымалдау және жүк айналымы 6%-ға артқан.

Бұл ретте 2022 жылы теміржол көлігі саласындағы ірі жобалардың бірі «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолының құрылысы басталғанын айта кеткен орынды.

Сонымен қоса транзиттік учаскелердегі «тар шеңберлі» жерлерді жойып, тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «Дарбаза – Мақтаарал» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу мен «Бақты – Аягөз» теміржол учаскесінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

2023 жылға арналған жоспарлар туралы тоқталсақ, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында жолаушылар вагондарын сатып алу мен еліміздегі автобус паркін жаңарту межеленіп отырғанын атап өткен жөн. Теңіз көлігі саласына келсек, бұл бағытта Ресей елімен теңізшілердің кәсіби дипломдарын өзара мойындау туралы келісім жасау жөнінде жұмысты жалғастыру көзделген.

Көлікті цифрландыру саласында «Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін» пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жүйе тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарын электронды форматқа ауыстыруға септігін тигізеді.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталы 5,8 трлн теңгені құрады

20.10.2022

Келер жылы ең құнды активтер шикізат тауарлары болмақ

16.12.2022

Әлихан Смайылов Алматы облысындағы ірі өндіріс орындарын аралады

13.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа