“Өз бизнесіңді құр” жыл сайынғы байқауының грант мөлшері қанша?
Байқау жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға немесе жаңасын құруға арналған. Байқауды 2013 жылдан бері “Сәби” қайырымдылық қоры ұйымдастырып келеді.
Жалпы жүлде қоры мен грант саны жыл сайын байқау басталар алдында бекітіліп, сайтта жарияланады. Дегенмен ұйымдастырушылар гранттардың мөлшері мен санын байқаудың кез келген уақытында өзгертуге құқылы.
“Өз бизнесіңді құр” байқауы қай уақыт аралығында өтеді?
Байқау жыл сайын қараша мен наурыз айларында өтеді. 2019-2020 жылдардағы іріктеу аяқталды. Ал 2020-2021 жылдарға арналған іріктеуі енді басталады. Нақты датаны қордың ресми сайтынан біліп отыруға болады.
Өз бизнесіңді құр” байқауына қалай қатысуға болады?
Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алды. Ол үшін неге дәл сіздің жоба грантқа лайық екені айтылып, көрсетілетін видео түсіру керек. Ұзақтығы – 1 минут. Одан кейін Saby.kz сайтында өтінім толтырып, жібереді.
Видероликке қойылатын талаптар мыналар:
- ролик ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек;
- видеролик қазақша немесе орысша түсіріледі;
- видеоның басында ұйымдастырушылар конкурс үшін арнайы жасаған видеокіріспе қолданылуы керек (ресми сайттан жүктеп алуға болады). Жобаның қатысушылары және оның атауы да көрсетілуі керек.
- бизнес идеясы ашылуы қажет;
- қазір қандай ресурстар бар екенін және нендей іс біткені айтылуға тиіс;
- қосымша қаржы қандай мақсат үшін, қандай мөлшерде қажет екені хабарлануы қажет;
- бизнес-жобаның өзекті әрі потенциалы болуы керек.
Қатысушылар видео сілтемесін кем дегенде үш әлеуметтік желіге (Instagram, Facebook) және YouTube-ке арнайы хэштегпен жүктеуге тиіс. Былтырғы байқаудың хэштегі #sabykz2020 болды.
“Өз бизнесіңді құр” байқауы қанша кезеңнен тұрады?
Қатысушылар үш кезеңнен өтеді:
- барлық жұмысты қабылдау;
- 20-25 жоба іріктеліп алынған шорт-лист дайындау;
- байқау финалистерін, солардың ішінен жеңімпаздарды анықтау.
Шорт-лиске кірген қатысушылар бизнес-жоспарын ұсынуы керек. Шорт-лиске атқарайын деп жатқан ісі ұқсас жобалар қатар келсе, басқаларына қарағанда бірінші өтінім жіберген жоба өтеді. Бизнес-жоспарды бағалау қорытындысы арқылы байқау финалистері анықталады. Жеңімпаздар бизнес жобасын жүзеге асыруға негізгі грант алады.
Байқаудың әр финалисі жүзеге асырып жатқан жобасы арқылы “Сәби” қайырымдылық қорының қамқорлығындағы кем дегенде бір адамды жұмысқа орналастыруы қажет.
Роликте және бизнес-жоспарда көрсетілген ақпараттың бәрі ашық дереккөз саналады. “Сәби” қоры қатысушылар ұсынған ақпараттың автор құқығына жауап бермейді.
“Өз бизнесіңді құр” байқауында қандай жобаның жеңіп шығуға мүмкіндігі көп?
Перспективалы, экономикалық жағыннан тиімді және әлеуметтік маңызы бар салалардағы бизнес-жобалар немесе дамудың соңғы сатысында тұрған бизнес басымдыққа ие. Өндірістік және ғылыми салаларға назар аудара отырып, экономиканың нақты секторына басымдық беріледі.
“Өз бизнесіңді құр” байқауына қандай жобалар өтпейді?
Байқауға қатысуға мынадай өтінімдер қабылданбайды:
- алкоголь мен темекі өнеркәсібіндегі, ойын бизнесі саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған жұмыстар;
- зорлық-зомбылық пен сексуал сипаттағы көріністері бар жұмыстар.