Жаңа ережелерге сәйкес төмендегідей сандық шектеулер енгізілді:
Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне 60 мың бас бұқаны шығаруға;
Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне 120 мың бас қошқарды шығаруға рұқсат.
Бұйрыққа сәйкес, квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ ол аналық малға қолданылмайды.
Ірі қара бойынша бір бордақылау алаңына 500, бір тауар өндірушіге 200 басқа, ал ұсақ мал бойынша бір бордақылау алаңына 1000, бір тауар өндірушіге 500 мал басына квота алуға рұқсат.
Бүгінде экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара карантинге қойылған.