No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаһандық бизнестегі қателіктерден қандай қорытынды шығаруға болады?

24.10.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қателік қандай салада болмасын, орын алады. Қазір компаниялар өз жетістігінің тарихымен бөлісуді жөн  санайды. Алайда қателіктен де сабақ алған жөн. 

Google-ды сатып алудан бас тарту

1990-жылдардың соңына «Excite» әлемдегі танымал іздеу жүйелерінің бірі болды. Бұл уақытта  «Google» қатты танымал болмады.  «Backrub» жүйесінің («Google»-дың алғашқы атауы) негізін салушы Ларри Пейдж  «Excite» компаниясына өзінің жүйесін сатып алу жайлы ұсыныс білдіреді. Ларри «Google» үшін бар жоғы $780 мың сұраған.

Екі платформаны салыстыра келе, «Google»-дың жылдам жұмыс істейтіні анықталады. Ал «Excite» тұтынушылардың сайтта ұзақ болуы арқылы пайда табатын компаниялардың бірі еді. Ал жүйенің жылдам жұмыс істеуі клиенттің сайтта бөгелуінің алдын алады. Осы себепті компания басшылары Ларри Пейдждің ұсынысынан бас тартады.

2004 жылы «Ask.com» «Excite»-ты толығымен сатып алды. Бұл уақытта «Google» триллион долларға бағаланған еді.

Қорытынды: Нарықтағы бәсекеге емес, тұтынушылардың қалауына қарай жұмыс істеу қажет.

Сандық камераның жасалуы және одан бас тарту

1977 жылы «Kodak» компаниясы сандық камераны жасап, оған патент алуға өтініш білдірді. Дегенмен бұл уақытта табыстың басым бөлігі пленкалы камерадан түсетін еді. Сол себепті компания тек фотоаппараттың осы түрін шығарумен шектеліп қалды. Нарық сандық технологияларға ауыса бастағанымен, басшылық қателік жасап, өз өнертабысынан бас тартты.

ХХ ғасырдың соңында сандық камераның болашағы бар екені анық байқалды. Алайда компания 500 миллион долларды пленкалы камера мен  «Advantix» фотопленкасын дайындауға жұмсады. 2012 жылы «Kodak» өзінің банкротқа ұшырағанын ресми жариялады.

Қорытынды: Нарық пен сұранысқа қарай бейімделе білу қажет. Болашаққа болжам жасауды ұмытпаңыз.

Авиакомпанияның өтемақы төлеуден бас тартуы

2008 жылы United Airlines әуе компаниясының рейсімен ұшу барысында музыкант Дэйв Кэрролдың құны $3,5 мыңға тең гитарасы жүк бөлімінде сынғанын байқайды. 9 ай бойы өтемақы төлеуін талап еткен ол ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаған. Шыдамы таусылған музыкант  United Breaks Guitars» әнін жазып, ғаламторға жүктейді. Алғашқы айдың ішінде әнді 5 миллион рет тыңдап, жылдам таралып кетеді. Бұл әуе компаниясының акциясы 10 пайызға төмендеуіне әкеліп соққан. Жалпы шығын құны $180 мыңға тең.

Қорытынды: Джефф Безос өз тұтынушыларына баса назар аударады. Себебі олар бизнесті қалай дамытса, дәл солай құрдымға жібере алады. Әлеуметтік желі адамдарға өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

         Өз өнімі жайлы жаман пікір білдіру

1984 жылы Джераль Ратнер әкесінен мұраға қалған «Ratners Group» компаниясына иелік етеді. Джеральд алты жылдың ішінде кәсібін жылдық айналымы 1,2 млрд фунт стерлингке тең ірі бизнес айналдырды. Тауардың сапасы жоғары болғанымен, бағасы қолжетімді еді. Осы себепті компания өнімі ел арасында үлкен сұранысқа ие болды.

1991 жылы 23 сәуірде директорлар Институтының конференциясында Джераль Ратнер сөз сөйлейді. Қатысушылардың бірі «Өнімді мұншалықты төмен бағада қалай сатасыздар?» деген сұрақ қояды. Ратнер «Бұл жәй ғана ескі-құсқы заттар» деп жауап берген.

БАҚ директордың бұл сөзін қатаң сынға алады. Бірнеше күннің ішінде компания акциясы 500 млн фунт стерлингке төмендеген. Ал Ратнер өрескел қателік үшін жұмысынан босатылды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Талғар ауданында 100-ге жуық тұрғын жерін заңдастыра алмай келеді

01.12.2022

«Қаржылық» жағдайға уақытылы диагностика жүргізу дегеніміз не?

12.01.2023

Қостанайдағы агрокомпания 96 млн теңге субсидияны заңсыз алған

29.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа