Өтінішті 2023 жылғы наурызда борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беруге болады. Банкроттықты өткізу мерзімі – 6 ай, оны тағы алты айға ұзарту мүмкіндігі бар.
Өтінішке:
– берешек сомасы мен олардың туындаған күнін, тұрғылықты жерінің немесе орналасқан жерінің мекенжайын, оларға кейін хабарлау үшін электрондық мекенжайлары және байланыс телефондардың нөмірлерін (мұндай ақпарат болған кезде) көрсете отырып барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі;
– банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуден алты ай бұрын жасалған бағалау туралы есепті (ол болған кезде) қоса беру арқылы борышкер мүлкінің тізімдемесі;
– азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де міндеттемелердің, оның ішінде талаптары борышкер мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш бергенге дейінгі соңғы үш жылдағы тізбесі;
– борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу шараларын қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.