No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биліктен күдер үзген жүк көлік жүргізушілері 70 шақырым жолды өздері жасады

20.05.2023
Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Атыраулық жүк көлігін жүргізушілер ақша жинап, өз күшімен 70 шақырым ойылған жолды жамап алды. 50-ден астам жүргізуші 1 миллион теңгенің үстінде қаржы жинаған, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.

Атырау – Индер тас жолындағы шұрық-тесік жерлерді жамау жұмысын олар небәрі бір күннің ішінде бітірген.

“Бұл жолдармен біз күнде қатынаймыз. Өзім Индер ауданы мен Атырау қаласының арасында топырақ тасимын. Қазір жолдың быт- шыты шыққан, көлікпен қатынау мүмкін емес болып кетті. Осы трассада қаншама жол-көлік оқиғасы болды. Білмейтін жүргізушілер ойыққа кіріп кетіп авария жасап жатады. Жігіттермен келісіп бір күнде ақша жинап, жұмысқа кірісіп кеттік”, – дейді жұмыстың басы-қасында жүргендердің бірі Ануарбек Әбішев.

Айтуынша, Атырау – Индер тас жолында көлік ағыны күндіз-түні толастамайды. Қайта-қайта жөнделсе де, асфальт ойылып қалады. Әсіресе кешкі мезгілде жол апаты жиі бола бергендіктен бір топ азамат ақылдаса келіп, осындай бастама көтерген.

“Ешкімнен рұқсат сұрамадық. Өйткені осы жолда қатынайтын өзіміз, азабын көретін де өзіміз. Ауызбіршілігіміздің арқасында үкіметке қарамай жолымызды жөндеп алдық”, – дейді КамАз жүргізушісі Ануарбек Абишев.

Атырау қалалық баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі кезде ауыспалы нысандар бойынша Атырау-Индер тас жолының 10 шақырым бөлігі жыл сайынғы қайта жаңарту жұмыстары аясында жөнделуде.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісулық жастар өткен жылы наубайхана цехын, омарта және басқа да кәсіптер ашты

21.01.2023

 «SM» брендінің салтанат құруы

28.09.2022

29 жасқа дейінгі әйел 8,5 мың кәсіпорынға иелік етеді

02.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа