Алаяқтар сіздің кредиттік тарихыңызды «бөтен» кредиттермен бұзбауы үшін не істеу керек?
Өзіңізді кредиттік алаяқтардан қорғау мүмкіндігін, әсіресе егер сіз шетелде демалысты жоспарласаңыз немесе құжаттарыңызды жоғалтсаңыз, «Стоп кредит» сервисі ұсынады. Бұл қызмет кредиторларды кредит ресімдеуге ниетінің жоқ екені туралы хабардар ету, сондай-ақ оның кредиттік тарихын беруге тыйым салу тәсілін қамтиды.
Сервис Қазақстанда 2022 жылдан бастап БКБ-ның интернет-порталында іске қосылды және оны қазірдің өзінде 800-ге жуық қазақстандық пайдаланып, кредитті ресімдеуге тыйым салу мақсатында өзінің кредиттік тарихын «тоқтатты».
«Стоп-кредитті» пайдаланушылар үшін процесс оңай әрі түсінікті жұмыс істейді: егер алаяқ сіздің атыңызға кредит ресімдеуге өтінім берсе, онда кредитор кредиттік бюродан сіздің кредиттік тарихыңызды сұратып, сізге шектеу қойылғанын көреді әрі бұл алаяқтық болуы мүмкін деген белгіні білдіреді. Егер кредиторға шешім қабылдауға сіздің кредиттік тарихыңыз керек болмаса, әрі ол кредиттік тарихты сұратпай, алаяққа кредит берсе, кредитор БКБ-ға жаңа кредит туралы деректері бар ақпаратты берген сәтте, сервис жазылушыны жаңа кредит туралы хабардар етеді. Жазылушыны уақтылы хабардар ету арқылы ол өз кредиттік тарихында алаяқтық кредиттің бар-жоғына уақтылы ден қойып, оны даулай алады.
Көрсетілетін қызметтің ақылы екенін атап өтеміз, 6 айға жазылған кездегі құны 400 теңге.
Қызықты фактілер
- БКБ ұсынған статистикаға сәйкес, көбінесе 25-28 жас аралығындағы қазақстандықтар «мерзімді кешіктіріп жатады».
- Ерлердің төлем мәдениеті әйелдерге қарағанда төмендеу: ерлер төлем мерзімін кешіктіруге жиі жол беріп жатады. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сауалнама жүргізілген шамамен 7 млн қазақстандықтың ішінен қарыз алушы ерлердің 18%-ы өздерінің бір кредитінің мерзімін 1 күнге болса да кешіктірді. Әйелдердің көрсеткіші 12,3%.
- Әр түрлі жастағы ерлерге берілген кредиттің орташа сомасы әйелдерге қарағанда жоғары.
- Жалпы алғанда, адам неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кредитті ұзақ мерзімге алып жатады. Ерлерде мерзімі ең ұзақ қарыз 55-64 жас аралығына келеді екен; әйелдерде – 45-54 жас аралығы.
- 35 жасқа дейінгі әйелдер ерлерге қарағанда мерзімі ұзағырақ кредиттер алып жатады. 35 жастан кейін – керісінше.