No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтар сіздің кредиттік тарихыңызды «бөтен» кредиттермен бұзбауы үшін не істеу керек?

16.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алаяқтар сіздің кредиттік тарихыңызды «бөтен» кредиттермен бұзбауы үшін не істеу керек?

Өзіңізді кредиттік алаяқтардан қорғау мүмкіндігін, әсіресе егер сіз шетелде демалысты жоспарласаңыз немесе құжаттарыңызды жоғалтсаңыз, «Стоп кредит» сервисі ұсынады. Бұл қызмет кредиторларды кредит ресімдеуге ниетінің жоқ екені туралы хабардар ету, сондай-ақ оның кредиттік тарихын беруге тыйым салу тәсілін қамтиды.

Сервис Қазақстанда 2022 жылдан бастап БКБ-ның интернет-порталында іске қосылды және оны қазірдің өзінде 800-ге жуық қазақстандық пайдаланып, кредитті ресімдеуге тыйым салу мақсатында өзінің кредиттік тарихын «тоқтатты».

«Стоп-кредитті» пайдаланушылар үшін процесс оңай әрі түсінікті жұмыс істейді: егер алаяқ сіздің атыңызға кредит ресімдеуге өтінім берсе, онда кредитор кредиттік бюродан сіздің кредиттік тарихыңызды сұратып, сізге шектеу қойылғанын көреді әрі бұл алаяқтық болуы мүмкін деген белгіні білдіреді. Егер кредиторға шешім қабылдауға сіздің кредиттік тарихыңыз керек болмаса, әрі ол кредиттік тарихты сұратпай, алаяққа кредит берсе, кредитор БКБ-ға жаңа кредит туралы деректері бар ақпаратты берген сәтте, сервис жазылушыны жаңа кредит туралы хабардар етеді. Жазылушыны уақтылы хабардар ету арқылы ол өз кредиттік тарихында алаяқтық кредиттің бар-жоғына уақтылы ден қойып, оны даулай алады.

Көрсетілетін қызметтің ақылы екенін атап өтеміз, 6 айға жазылған кездегі құны 400 теңге.

Қызықты фактілер

  • БКБ ұсынған статистикаға сәйкес, көбінесе 25-28 жас аралығындағы қазақстандықтар «мерзімді кешіктіріп жатады».
  • Ерлердің төлем мәдениеті әйелдерге қарағанда төмендеу: ерлер төлем мерзімін кешіктіруге жиі жол беріп жатады. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сауалнама жүргізілген шамамен 7 млн қазақстандықтың ішінен қарыз алушы ерлердің 18%-ы өздерінің бір кредитінің мерзімін 1 күнге болса да кешіктірді. Әйелдердің көрсеткіші 12,3%.
  • Әр түрлі жастағы ерлерге берілген кредиттің орташа сомасы әйелдерге қарағанда жоғары.
  • Жалпы алғанда, адам неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кредитті ұзақ мерзімге алып жатады. Ерлерде мерзімі ең ұзақ қарыз 55-64 жас аралығына келеді екен; әйелдерде – 45-54 жас аралығы.
  • 35 жасқа дейінгі әйелдер ерлерге қарағанда мерзімі ұзағырақ кредиттер алып жатады. 35 жастан кейін – керісінше.

 

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Палатаның көмегімен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда

10.10.2022

Алматыда 262 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді

20.09.2022

Алматы облысында 132 мың борышкер 3,9 млрд теңге берешек

27.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа