Нақтырақ айтсақ, жуа бағасын тұрақтандыру үшін «Фирма Алтай» ЖШС-мен мамыр айына дейінгі маусымаралық кезеңде барлығы 300 тонна жуаны кәсіпкерлерге 150 теңге бағамен сату туралы келісімшартқа қол қойылды.
Сонымен қатар бөлім басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын министрлікте белгіленген индикаторға жеткізу мақсатында жеңілдікпен несие берілетінін айтты. Ол үшін облыстық бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді.
«Бұл несие «айналым сызбасы» бойынша жүзеге асырылады. Жақын арада кәсіпкерлерден ұсыныс қабылдауды бастаймыз», – деді бөлім басшысы.
Қазіргі таңда облыста «айналым сызбасы» бойынша жұмыс істеп жатқан шаруашылықтарда 560 тонна картоп қоры бар. Картоп 150-200 теңге аралығында кәсіпкерлерге сатылады. Ал дәл осы сызбаға сүйенген келесі «Нұрбек» шаруашылығында 195-220 теңге аралығында саудаланатын 100 тонна сәбіз, 220 теңгеден жуаның 100 тоннасы, 130-150 теңгеден қырыққабаттың 200 тоннасы бар.