No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құмар ойынға әуес болған: курсант өлімінің себебі анықталды

16.05.2023
Жаңалықтар
24
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР ҰҚК Академиясы курсантының өзіне қол салу оқиғасынан жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz 

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесін көтерді,  Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаевтан Алматыдағы ҰҚК академиясында курсанттың өліміне қатысты сауал қойды.

«Құмар ойындарға тәуелділік көбінесе заңсыз әрекеттер жасауға және өзіне қол салуға әкеледі. Жақында Алматыдағы ҰҚК академиясында курсанттың қайғылы қазасы болды. Атап айтқанда, курсанттардың құмар ойындарға тәуелділігі мәселесіне қатысты тиісті бақылау жүргізіліп жатыр ма?», – деп сұрады депутат.

Қалқабаев қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша тергеуді полиция жүргізіп жатқанын айтты.

«Тергеу амалдарының нәтижесінде тиісті қорытынды шығарамыз. Сонымен қатар, біз бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргіздік. Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке және оқуға қабылдау кезінде үміткерлер жан-жақты, оның ішінде «шындық детекторы» арқылы психологиялық тексеруден өтеді. Бұдан кейін академиядағы қызметкерлерге қатысты тиісті мониторинг жүргізіледі, бізде арнайы психологиялық және кадр қызметі бар. Сонымен қатар, ішкі қауіпсіздік департаменті де қызмет атқарып жатыр», – деді Қалқабаев.

Оның айтуынша, бұл бағытта тиісті талдау жасалып, елеулі түзетулер енгізілді.

«Құмар ойынының салдары (академияды) бізде де байқалып отыр. Бұл – Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының тарихындағы жалғыз жағдай. Ең бастысы, адамның құмар ойындарға бет бұра бастағанын бастапқыда анықтау керек. Осы бағытта тиісті іс-шаралар жүзеге асырылады», – деді ҰҚК өкілі.

Еске салайық, 30 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылған болатын.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкер стресспен қалай күресуіне болады?

05.12.2022

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға  140 млрд теңге бөлінді

26.01.2023

Салықты аттап өтпек болғандар кімдер?

19.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа