Сәйкессіздіктің ең үлкен пайызын басқа елдерден (56%) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден (36%) әкелінетін өнімдер құрады.
Барлық зерттеулер бойынша:
– 496 сынамасы тамақ өнімдері, оның ішінде 6 пайызы балық өнімдеріне, 5% құс өнімдеріне, 4% сүт және ет өнімдеріне тиесілі;
– 59 сынама тауарлардың өнеркәсіптік тобы, оның ішінде сәйкессіздіктің 23% ойыншықтарға, 19% жеңіл өнеркәсіп өніміне, балалар мен жасөспірімдерге арналған киімге 16% және балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарларға – 6%-ы тиесілі.
Зерттелген өнімдер мен тауарлардың 94% – ы таңбалау тәртібі бойынша сәйкес келмеді.
Ойыншықтардың қауіпсіздігі ерекше алаңдаушылық туғызады, өйткені зерттелген ойыншықтардың 63% – ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Барлық зерттелген үлгілерде таңбалау тәртібі бұзылған. Сонымен қатар, зерттелген ойыншықтардың 7% – қауіпті химиялық заттар анықталды олар формальдегид, стирол, ксилол және бензол.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған зерттелген тауарлардың 31%-ы техникалық регламенттердің талаптарына да сәйкес келмеді (таңбалау бойынша 100%-да және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2% – да.
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына 53 ұйғарым берілді, бұзушылықтарды жою туралы, техникалық реттеу және метрология департаментіне 25 хабарлама және «сұр сертификаттарды» жою үшін 3 материал жіберілді, жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілер 149 096 теңге сомасына 117 кг Азық-түлік өнімін сатудан алып, жеткізушілерге қайтарып берді.