ҚР Қаржы министрлігі хабарлауынша, бүгінгі күні мемлекеттік сыртқы борыш 7,8 трлн. теңгені немесе 17,0 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ұлттық статистика бюросы қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны 19 миилион 765 мыңнан астам екенін көрсетеді. Нәтижесінде, мемлекеттің сыртқы қарызын жан басына шағатын болсақ, әр қазақстандықтың мойнына 860 мың АҚШ долларына жуық қарыз ілінеді.
Дегенмен, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сыртқы борыштың болуы қалыпты жағдай екенін және оның халыққа ешқандай тікелей зияны тимейтінін хабарлайды.
«Қарыз алу – бұл бюджеттің қаржылық қамтамасыз етілуі мен теңгерімділігін қолдау үшін талап етілетін қажетті және қалыпты процесс, сондай-ақ елдің борыштық нарығы үшін негізгі бағдар (бенчмарк).
Үкімет сыртқы қарыз алуды жүзеге асыра отырып, бюджет тапшылығының бір бөлігін жауып қана қоймай, сонымен қатар ел экономикасындағы басым инвестициялық жобаларды қаржыландырады. Әртүрлі жобаларды қаржыландыруға бағытталған сыртқы қарыздар, ең алдымен, экономиканың әртүрлі салаларына (көлік инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экологияны жақсарту және т. б.), институционалдық дамуға (білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту және т. б.), технологиялар трансфертіне (ноу-хау енгізу) озық әлемдік тәжірибе не әкелетіні тұрғысынан пайдалы», – деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.