No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

#АуылФутбол: Halyk Open Cup турнирі 200-ден астам жас футболшыны жинады

15.06.2023
Жаңалықтар
33
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

15-16 маусымда Алматы облысының Жібек Жолы ауылында жас футболшыларының қатысуымен облыстық деңгейде «Halyk Open Cup» футбол турнирі өтуде. Турнирді #АуылФутбол жобасы ұйымдастырып, ал «Халық» қайырымдылық қоры жобаға толық қаржылық қолдау көрсетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Екі күнге созылатын турнирге Алматы облысының 8-12 жас аралығындағы 200-ге жуық ауыл балалары қатысуда. Оның ішінде Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ облыстарының жас жеткіншектері.

«Жасыратыны жоқ, ауыл балаларының барлығының түрлі байқауларға қатысу мүмкіндігі бола бермейді. Турнирлерге қатысу үшін ең басты қажетті шығындар – бұл қатысу жарнасы, жол жүру мен тамақтануға кететін шығындар және т.б. Ал «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен өтіп жатқан турниріміз осы мәселелерді толығымен шешіп, 200 балаға жоғарғы деңгейдегі турнирге қатысуға мүмкіндік береді», – деді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

«Халық» қайырымдылық қорының Алматы облыстық филиалының директоры – жарыстың бас демеушісі Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, қор ауылдағы балалар спортын дамытуға арналған жобаларға  әрқашан қолдау көрсетеді.

«Бүгін ауылдан шыққан болашақ таланттарды қолдау мақсатында #АуылФутбол жобасымен бірге I «Halyk Open Cup» турнирін өткізуді жөн көрдік. Бұл турнир Алматы облысының балалары үшін өткізілуде. Ал болашақта қатысушылардың ауқымы бұдан да кең болатынына сенімдіміз. Біз үшін ауыл балаларының салиқалы жарыстарға қатысуына жағдай жасау және спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау өте маңызды», – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Ауыл балалары арасында өткен футбол бәсекесі тартысты өтуде. Турнирдің бірінші күнінде 8-10 жас аралығындағы балалар ойын өрнегігін көрсетіп, 1-орынды Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі, 2-орын Талғар ауданы Кеңдела ауылы, ал 3-орынды Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылының балалары жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары кубок, медаль, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ жарыстың барлық қатысушысы турнирдің бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қорының арнайы сыйлықтарына ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша, Алматы қаласының DUFL лигасына қатысу үшін әртүрлі жастағы 2 команда жасақталады. Командалардың DUFL-ге қатысуына «Халық қоры» да қолдау көрсетеді – ойын формасының 2 жиынтығы сатып алынып, Алматы қаласына трансфер төленетін болады.

Айта кетейік, #АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы – журналист Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдағы балалар футболына қолдау көрсету.

Жоба аясында үш жылда 80-нен астам ауылдық балалар командаларына қолдау көрсетілді, 30-дан астам турнирлер өткізілді, оның ішінде 6 республикалық деңгейдегі, 2 футбол фестивалі және 2 футбол демалысы, жаттықтырушыларға арналған 30-дан астам оқыту семинарлары, 4 ауылда балалар футбол клубтары құрылды. Алматы және Ақтөбе облыстарының екі ауылында шағын футбол алаңдары салынды.

Алдағы уақытта аталған жоба бойынша, жеке футбол лигасын құру және шетелдік жаттықтырушыларды қатыстыра отырып, оқыту семинарларын өткізуді жоспарлануда. Қазірде жобаға елдің 10 облысынан 25 балалар футбол клубы қатысуда.

«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы еліміздің ең маңызды бағыттары – әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру мақсатында құрылып, өз жұмысын өз деңгейінде атқаруда.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Денесін суға лақтырып жіберген”: қазақ журналисін өлтірген күдікті ұсталды

19.06.2023

Білім алуға ақша қалай жинауға болады?

14.12.2022

Алматы облысында 132 мың борышкер 3,9 млрд теңге берешек

27.06.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа